АХҚО инвестициялық және несиелік қаражат жинау (краудфандинг) бойынша жаңа ережені қабылдады
2019 жылдың 24 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА) Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен өңірдегі тұңғыш инвестициялық және несиелік қаражат жинақтау (краудфандинг) бойынша ережені әзірледі.
Краудфандинг интернет-платформа арқылы кең ауқымды инвесторлар қатарынан шағын және орта бизнеске кішігірім несие және инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Краудфандинг – Қазақстан мен өңірдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын қаражатты тартудың банк арқылы емес баламалы әдісі.
Инвестицияларды және несиелерді жинақтауды реттеу АХҚО дамуының негізгі бағыттарының бірі – инвесторларды қорғау мен нарықтың тұтастығын сақтауға арналған саланың соңғы үрдістеріне және жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесіне сәйкес қаржы секторындағы инновацияларды дамытуға, АХҚО нормативтік базасын құруға қолдау көрсету.
АФСА қаржылық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Асылбек Давлетов айтуы бойынша: «Краудфандинг стартаптарды, кіші және орта бизнесті қолдауда және қаржыландыруда пайдалы балама болып, өркендеу, экономикалық өсім және жаңа жұмыс орындарын құруда маңызды рөл атқарады. Осылайша, АХҚО краудфандинг бойынша реттеу ережелерін қабылдау өңірдегі динамикалық кәсіпкерлік экожүйені құру жолындағы тағы бір қадам болып табылады».
Краудфандинг платформаларының инвесторлары мен клиенттерін қорғау мақсатында АХҚО икемді тәуекелдерді назарға алатын реттеу тәсілін ұсынады. Бір сөзбен айтқанда, инвестициялық және несиелік краудфандинг бойынша ережелерге келесілер жатады: (1) «инвестициялық краудфандингтік платформаны басқару» және «несиелік краудфандингтік платформаны басқару» жаңа реттелетін (нарықтық) қызметтің екі түрі; (2) пруденциялдық талаптар және краудфандинг платформалар операторларына қатысты бизнес жүргізу ережелері, атап айтқанда, Ақша жасыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы талаптар, қарыз қаражатының ең көп сомасына шектеулер, жүйелер мен бақылаулар, мүдделер қайшылығының қатері туралы ақпаратты ашу, краудфандинг платформалары сервистерін пайдаланатын кәсіпорындарда тексеріс жүргізу міндеттері.
АХҚО-дағы краудфандингті реттеу туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады.
Қосымша ақпарат:
АХҚО Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
АФСА АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.
ФинТех Лаб — жаңа қаржы қызметтер мен технологияларды тестілеу және шектеулі реттеу талаптарын орындау негізінде ФинТех бизнесін дамыту үшін құрылған арнайы нормативтік орта. ФинТех Лаб мүмкіндік береді:
- Лицензиясы бар шетелдік финтех компанияларға өңірлік нарықтарды «тестілеуге»;
- Финтех стартаптарға АХҚО–да реттелетін қызмет етуге;
Жеке реттеуші талаптарға сай жаңа реттелмейтін қаржылық қызметтер көрсетуге мен технологияларды пайдалануға