ҚР Президенті қол қойған заң АХҚО қатысушы компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастырады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу және дамыту, құнды қағаздар нарығы және банкі ісі нарықтары туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Өзгерістер «Сақтандыру қызметі туралы», «Құнды қағаздар нарығы турлы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы», «Төлем мен төлем жүйелері туралы» Заңдарды қамтиды.
Заң бойынша АХҚО мүшелері – сақтандыру және қайта сақтандырудағы компаниялардың қызметтері кеңейетін болады, АХҚО қатысушылары – банктеріне Қазақстанның екінші дәрежелі банктерінде корреспонденттік есеп-шоттарды ашу мүмкіндігі беріледі.