AFSA GB Finance Ltd. компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) GB Finance Ltd. компаниясының реттеулік қызметтегі аса маңызды шарттарды бұзғаны үшін лицензиясының жұмысын тоқтатты.
Дәлрегінде, компания бірқатар ережелерді бұзуға жол берді, атап айтқанда:
- АХҚО Валюталық реттеу Шарттарын;
- Капитал жеткіліктілігінің минималды талаптары;
- Компаниямен байланысты адамдарды несиелеу лимитінен асып кеткен;
- Ірі мәмілелердің лимиті;
- Пруденциалдық нормативтерді өрескел бұзу немесе бұзуы мүмкін жағдайлар туралы, оларды жою бойынша шаралар туралы AFSA-ны хабардар етпеген;
- Кейбір сатып алған нәрселерінің компанияның ресурстарына және тәуекел профиліне әсер ететіндігі туралы ақпаратпен AFSA-ны хабардар етпеген; және
- Реттеушінің талаптарын және оның алдындағы міндеттерін дұрыс бағаламағандықтан компанияны басқару мен бақылау бойынша өрескел талап бұзушылықтарға жол берген.
AFSA миссиясы әділ және ашық қаржылық, капитал нарығын қамтамсыз ететін орта құру, өйткені жеке тұлғалар мен кәсіпорындар соған қарай бой түзейді, әрі АХҚО мен AFSA сүйенетін халықаралық жоғарғы корпоративтік басқару талаптарына сай болу.
«GB Finance Ltd., оның басшылығы мен ірі акционері тиісті сәйкестікті басқару және бақылау стандарттарын қолданбай, байланысты тұлғалармен көптеген мәмілелер жасай отырып, реттеуші күтулер мен талаптарды нашар түсінетіндігін көрсетті. AFSA үшін тұтынушылардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ АХҚО-дағы қаржы жүйесінің тұтастығы жоғары басымдық болып табылады. Бұл стандарттарды бағаламайтын немесе елемейтін компаниялар AFSA және АХҚО – да қабылданбайды. Сондықтан оларға қатысты AFSA қатаң және шұғыл шаралар қабылдайды», – деді AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 67 елден 1600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.