Компаниялар Регистраторы АХҚО-дағы HITBEAT MUSIC INC. Өкілдігінің қызметін тоқтатты
Компаниялар Регистраторы АХҚО-да «Аккредитациядан өткен компания» (the “Recognised Company”) ретінде 2021 жылдың 4 қазанында тіркелген HITBEAT MUSIC INC. Өкілдігінің қызметін тоқтатты.
Бұл шешімнің қабылдануы себебі, Регистратордың аккредитациядан өткен компанияның АХҚО заңдарын бұзып, нарыққа кесірін тигізді деп есептеуге негізі бар.
«Компаниялар туралы» (AIFC Companies Regulations), АХҚО Актісінің 8-бөліміне сәйкес, егер компания АХҚО Заңын өрескел бұзғаны туралы деректер болса, немесе АХҚО мүддесіне сәйкес келмейді деп шешсе, Регистратор өз бастамасымен компанияның өкілеттігін тоқтата алады.
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті «HITBEAT MUSIC INC» бойынша 2022 жылдың ақпан және шілде айларында екі рет Ескерту жасаған.
Екі ескерту де компанияның инвестиция тартуға ақыл кеңес беру және басқаруға қатысты AFSA лицензиясына ие деген әлеуметті алдастырып және сендіретін ақпаратты ашық жариялағанымен байланысты болған.
AFSA тұтынушыларға AFSA-ның тиісті лицензиясынсыз АХҚО-мен байланысы туралы мәлімдеп жүрген және инвестиция тартумен айналысатын компаниялармен жұмыс істегенде қырағылық танытуды сұрайды.
AFSA абай болудың және тек лицензиясы бар компаниялардың қаржылық қызметін тұтыну қажеттілігін хабарлайды.
Егер AFSA тарапынан қаржылық қызметті реттейтін лицензияға ие болмаса, компания АХҚО қатысушысы статусымен ғана қаржы қызметін ұсына алмайды.
АХҚО-да тіркелген немесе құрылған заңды тұлғаны АХҚО аймағында реттеушілік немесе өзге де рұқсат берілген қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғадан айыра білу керек.
Тұрынушыларға AFSA веб-сайтында https://publicreg.myafsa.com/компанияның лицензиясы бар-жоғын туралы статусты тексеруге, әрі өздері жарнамалайтын қызмет түрін жүзеге асыруға AFSA-дан тиісті лицензиясы жоқ компаниялардан бойларын аулақ ұстау ұсынылады.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]