AFSA-ның Банктер мен стартап банктерге қатысты көзқарасы бойынша мәлімдемесі
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті Банктер мен стартап банктерге қатысты көзқарасы бойынша мәлімдеме жариялады. Бұл мәлімдеме АХҚО-да банк ретінде тіркелгісі келетін компанияларға деген AFSA көзқарасын білдіреді.
AFSA «стартап» ретінде мына компанияларды қарастырады: (i) жаңадан құрылған компания, ол реттелетін қаржылық компанияға тиесілі емес және оның өкілдігі жоқ, немесе компания (ii) (жаңадан құрылса да, құрылмаса да), егер ол қандай да бір Топтың құрамында болса, бірақ ол Топтың ішінде қызметі AFSA-ның реттеушілік режиміне сай келетіндей реттелетін қызметі бар тиісті компаниялар болмаса.
Стартап Банктерге қатысты тәуекел өзгеше және бұған дейінгі жұмыс істеп келген банктермен салыстырғанда кеңірек.
Сондықтан, AFSA жалпы, Банк болып тіркелуге ниет білдірген компания жұмыс істеп келе жатқан Банктің еншілес компаниясы немесе өкілдігі, немесе құрамында реттелетін банкі немесе соған ұқсас қаржы институты бар Топқа енетін жаңа компания болуы тиіс.
Бұл мәлімдеме АХҚО-ға Банк ретінде тіркелгісі келетін компаниядан талап етілетін өзге де қосымша талаптарды әрі тәуекел бағамдарын қамтиды.
Бұл көзқарастың Ислам банкі болу үшін тіркелетін стартап компанияларға қатысы жоқ.
Мәлімдемеге қатысты толық ақпарат алу үшін біздің сайтымызға https://afsa.orderly.kz/articles/policy-statement-on-the-afsa’s-approach-to-banks-and-start-up-banks кіруге болады.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-ға жуық қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]