AFSA «[email protected]» деген жалған электрондық поштаның бар екендігі туралы ескертеді

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «[email protected]» электрондық пошта мекенжайының AFSA-ға тиесілі емес екенін ескертеді.

AFSA-ға белгілі болғандай, алаяқтар бұл электрондық пошта мекенжайын өздерін AFSA және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қызметкерлері ретінде көрсеткен жалған хабарламаларын  жіберу үшін пайдаланды. Хабарлама жіберушілер хаттарды алушылардан ақшалай төлемдер талап етті, сондай-ақ қаржылық айыппұл саламыз және АХҚО сотының күн тәртібіне жазамыз деп қорқытқан екен.

Өз кезегінде AFSA АХҚО-да қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызмет түрлерін реттеумен ғана айналысатынын хабарлайды. AFSA қаржылық қызметтерді ұсынбайтынын тағы ескертеді.

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті тұтынушылар мен жұртшылықтан AFSA лицензияланған немесе тіркелген компаниялар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізілімді тексеруді сұрайды. Бұл компания ұсынатын қаржылық қызметтерді пайдаланбас бұрын оның лицензияланғанына көз жеткізу үшін жасалады.

Егер сізге біреулер тарапынан жіберілген хабарламалардың шынайылығына күмәніңіз болса немесе алаяқтар сізбен байланысқа шықты деп ойласаңыз, сұрақтарыңызды тікелей AFSA-ға біздің ресми сайтта көрсетілген электрондық пошта арқылы немесе онлайн форманы толтыру арқылы жіберуді ұсынамыз

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс үшін:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant