АХҚО “Деректерді қорғау туралы” акті мен ережелеріне ұсынылған түзетулер бойынша консультациялық құжатты жариялады. Ұсыныстар берудің соңғы мерзімі – 2024 жылғы 31 желтоқсан 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі «Деректерді қорғау туралы» АХҚО қағидалары актісіне ұсынылған түзетулер бойынша консультациялық құжат әзірледі. Барлық мүдделі тараптар ұсынылған ұсыныстар жөнінде өз пікірлері мен ойларын жібере алады. 

Енгізілетін түзетулердің мақсаты – АХҚО экожүйесінде дербес деректерді өңдеу мен сақтаудың жаһандық «алтын» стандарттарының имплементациялануына ықпал ететін дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша АХҚО-ға жетекші әлемдік тәжірибелерді енгізу және қолданыстағы нормаларды олармен сәйкестендіру. 

Ұсынылған өзгерістер «Деректерді қорғау туралы» АХҚО актісі шеңберінде АХҚО органдары мен қатысушылары өңдейтін дербес деректердің заңдылығы, құпиялылығы мен қауіпсіздігінің қолданыстағы қағидаттарын одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Олар клиенттердің дербес деректерін және қызметкерлердің және өзге де үшінші тұлғалардың (дербес деректер субъектілері) құпия дербес деректерін өңдеуге және сақтауға қатысты. Осы түзетулерді қабылдай отырып АХҚО жеке тұлғалардың құқықтарын қорғайтын және АХҚО экожүйесінде дербес деректерді өңдеу, сақтау және пайдалану практикаларына деген сенімді нығайтатын барынша берік құрылымды қамтамасыз етуге ұмтылады. 

Ұсынылып отырған түзетулердің бірі – комплаенс-мәдениет пен этиканы дамыту мақсатында белгіленген алымдарды төмендету. Атап айтқанда, Деректерді қорғау қағидаларының 19(2) бөлімінде қарастырылған хабарламаларды беру үшін алымды 2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңге 50%-ға азайту ұсынылады. Бұл шара дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелерінде құқық қолдану практикасын дамытуға жәрдемдесуге және АХҚО қатысушылары арасында этика стандарттарын нығайтуға бағытталған. 

Бұл құжаттағы ұсыныстар АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары, сондай-ақ АХҚО-ның барлық органдары мен олардың ұйымдары, қатысушы компанияларда немесе АХҚО органдарында жұмыс істейтін адамдар немесе АХҚО экожүйесінде жұмыс істегісі келетін адамдар, сондай-ақ заң консультанттары, және тұтастай алғанда түзетулер жөнінде өз пікірлерін ұсынуға мүдделі барлық адамдар үшін қызықты болмақ.  

АХҚО барлық мүдделі тараптарды өз пікірлерін жолдауға шақырады. Пікір берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 31 желтоқсаны. Пікірлерді алғаннан кейін түзетулерге қосымша нақтылау енгізу қажеттілігін анықталатын болады. 

Өз пікірлеріңізді [email protected], [email protected] электрондық пошта мекенжайларына жіберуге болады. 

Консультациялық құжатпен мына сілтеме: https://aifc.kz/legal-framework/open/ арқылы танысуға болады. 

AIFC AI assistant