АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы сот төрелігіне қол жетімділікті интернет арқылы қамтамасыз етеді
АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) COVID-19 коронавирустық пандемиямен күрт өзгеріп жатқан жағдайды мұқият қадағалап отырады. Екі орган дауларды шешу қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу және пайдаланушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін керекті шаралар қабылдады.
Үкіметтің қаулысына сәйкес біз қолданушыларымызға дауларды шешудің барлық онлайн-қызметтерін ақысыз ұсынуды жалғастырудамыз.
АХҚО Соты мен ХТО-ға шағымдарды екі органның ресми сайттарында сілтемелері бар eJustice электрондық әділет жүйесі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Біз дауларды аудио және видео технологиясын қолдана отырып, электронды құжат алмасу арқылы шеше аламыз. Дау тараптары сот төрелігіне қол жеткізу үшін үйлерінен немесе кеңселерінен шығудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда ХТО медиация ережелерін қолдана отырып 57 медиация процесі жүзеге асырылды. ХТО сонымен қатар екі арбитраждық шағымды қарастыруда. АХҚО Соты өз кезегінде бір істі қарастырды.
Сот төрелігін онлаин режимінде қамтамасыз ету үшін қабылдаған шараларымызға қосымша, жақын арада біз АХҚО Сот және ХТО-ның онлайн вебинарларын іске қосамыз. Олар заң және бизнес қауымдастықтарға АХҚО Соты мен ХТО жұмысы туралы және құқықтық тақырыптарды талқылау, сондай-ақ COVID-19 коронавирусына қатысты мәселелер мақсатында жарияланады.
АХҚО Соты мен ХТО коммерциялық дауларды «бір терезе» негізінде шешуге арналған барлық қызмет түрлерін ұсынады. Екі орган да Қазақстан Республикасының сот жүйесінен тәуелсіз және АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды, сондай-ақ тараптар АХҚО Соты мен ХТО-ның юрисдикциясын қолдануға келісім берген дауларды шешудің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. АХҚО Соты және ХТО-ның судьялары, арбитрлары, делдалдар, процедуралар, практика және стандарттар әлемнің ірі қаржы орталықтарында жұмыс істейтін компанияларға танымал.
Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы:
«Біз COVID-19 коронавирусымен байланысты жағдайдың дамуын мұқият қадағалаймыз және АХҚО Соты мен ХТО жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз. Қазіргі уақытта АХҚО Соты мен ХТО барлық шағымдар мен сот отырыстарын, тараптардың үйлерінен шығып, денсаулығына қауіп төндірместен, онлайн режимінде жүзеге асырайды. Инвесторлар мен кәсіпкерлер өздерінің даулары АХҚО Соты мен ХТО-да онлайн режимінде, заңдылықтың жоғары стандарттарын қолдана отырып, үнемді және уақтылы шешілетініне сенімді бола алады».
Шағым беру мәселелері бойынша кеңес алу үшін [email protected] және [email protected] арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Анықтама үшін:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру.
АХҚО міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады https://aifc.kz/kz
АХҚО соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.
АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделілігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа болмашы даулар соты кіреді.
АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізбейді және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін ерекше юрисдикцияға ие. Сонымен қатар АХҚО соты тараптардың келісімімен АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. https://court.aifc.kz/
АХҚО Халықаралық төрелік орталығы (ХТӨ) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның жетекші халықаралық іс-тәжірибе негізінде құрастырылған өз меншікті процессуалдық нормалары мен қағидалары бар. ХТӨ коммерциялық құқықтың мұнай-газ, сауда-саттық, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы облысы, банк саласы және авторлық құқықты қорғау саласы сияқты облыстарында төрелік ету және медиация бойынша бәрі бірлесіп көптеген жыл тәжірибесіне ие жоғары білікті төрешілерден тұратын өз алқасы бар. Халықаралық төрелік орталығының шешімдері Қазақстанда, сонымен қатар дүние жүзінде де мойындалады. www.iac.aifc.kz