Қазақстанда Заң қызметтері басшыларының лигасы құрылды

Нұр-Сұлтан қаласында Заң қызметтері басшылары лигасының құрылтай отырысы өтті. Лига АХҚО Сотының, Халықаралық төрелік орталықтың және SIGNUM заң фирмасының бастамасы бойынша Қазақстан мен Еуразия елдерінің құқықтық департаменттері мен заң қызметтерінің жетекші басшыларының кездесулерін өткізу, олардың жұмысына және тиісті заңдық және іскерлік тәжірибелеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ретінде құрылды. Лигаға қатысушылардың бірінші кездесуіне әртүрлі салалардан, ірі жеке компаниялар мен ұлттық корпорациялардан 20-дан астам заңгер қатысты.

АХҚО Сотының судьялары, сэр Руперт Джексон және Том Монтагю-Смит QC Лиганы құру жөніндегі бастаманы қолдап, бірінші отырысқа құрметті қонақтар ретінде қатысты.

АХҚО Сот аппаратының және Халықаралық төрелік орталықтың тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп түсініктеме берді:

«2018 жылдың қаңтарында іске қосылған сәттен бастап, біз Қазақстандағы және Орталық Азиядағы кәсіби заң қоғамдастығын қолдауға және дамытуға үлес қосуға ұмтылдық. АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталықтың заң білімі бағдарламасы – бұл біздің басым бағдарламаларымыздың бірі және біздің қосқан басты үлесіміз. Біз Заң қызметтері басшыларының лигасын құру шеңберінде заңгерлермен ынтымақтастық мүмкіндігін бағалаймыз».

 

Signum заң фирмасының басқарушы серіктесі София Жылқайдарова ханым өз сөзінде:

«Заң қызметі басшыларының лигасын құру идеясы бұрыннан қалыптасқан, клиенттерімізбен тығыз жұмыс істей отырып, біз таңдаулы корпоративтік заңгерлер үшін салааралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылай алатын, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығында трендтер қалыптастыра алатын, тәжірибелерімен және білімімен бөлісе алатын белгілі бір платформа құру қажеттілігінің қаншалықты өткір екендігін түсіндік. Біз осы үлкен жобаның бір бөлігі болғанымыза өте қуаныштымыз, ол еліміздің заң қоғамдастығына да, жалпы Қазақстан бизнесіне да көп пайда әкеледі деп сенім білдіреміз. Сондай-ақ АХҚО мен ХТО Сотына осы бастаманы қолдағаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», деп атап өтті.

 

Бұл бірегей платформа оның қатысушыларына тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді және іскерлік тәжірибенің тиімділігін арттыру үшін инновациялық идеялар мен шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

 

 

Анықтама ретінде:

АХҚО.  2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

AIFC AI assistant