АХҚО-ның “Кепіл туралы” және “Жеке мүлік туралы” актілеріне ұсынылатын түзетулер туралы Консультативтік құжат
“Астана” халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі нарықтан ұсыныстар алу мақсатында АХҚО-ның “Кепіл туралы” актісіне және АХҚО-ның “Жеке мүлік туралы” актісіне ұсынылатын түзетулер туралы Консультативтік құжат шығарды. Құжатпен танысу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:
Осы құжаттағы ұсыныстар АХҚО аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғысы келетін АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін қызықты болады.
Консультативтік құжат келесідей бөліктерден тұрады:
I бөлім- Кіріспе;
II бөлім – Заңнамалық ұсыныс;
1-қосымша- Ұсыныстар бойынша бағдарламалық құжат (Policy Paper);
2-қосымша – Ұсынылған түзетулер.
Ұсыныстар берудің соңғы мерзімі: 2024 жылдың 30 сәуірі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз қандай да бір өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз.