Black Sea Trade and Development Bank AIX-те облигациялар орналастырды

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Black Sea Trade and Development Bank облигацияларының орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Номиналды құны 100 мың АҚШ доллары болатын құнды қағаздар шығарылымының көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды. Купондық мөлшерлеме 6,25%-ды құрайды, және купондық сыйақы әр алты ай сайын төленеді.

Black Sea Trade and Development Bank (BSTDB) — 1997 жылы Албания, Армения, Әзірбайжан, Болгария, Грузия, Греция, Молдова, Румыния, Ресей, Түркия және Украина мемлекеттері бірлесіп тәуелсіз көпжақты қаржы институты ретінде құрған аймақтық даму банкі.

Біржан Астаев, AIX Нарықтар және Өнімдер жөніндегі Басқарушы директоры:

Аймақтық қаржы институтының AIX-те облигациялар шығаруы біздің стратегияға сай дамып келе жатқанымыздың айғағы. Мақсатымыз –  халықаралық нарықтардағы тұрақсыз жағдайға қарамастан, бүкіл аймақ тартылатын қор биржасына айналу.

Максим Занкин«Teniz Capital Investment Banking» АҚ Басқарма төрағасы:

Teniz Capital Investment Banking осы шығарылымның андеррайтері болды. BSTDB облигацияларын AIX биржасында орналастыру Қазақстанның капитал нарығының, атап айтқанда AIX биржасының қарқынды дамуын растайды. BSTDB Supranational мәртебесіне ие және Қара теңіз бен Шығыс Еуропа аймағындағы негізгі даму банктерінің бірі болып табылады. АХҚО құқықтық режимі және AIX технологиялық озықтығы шетелдік эмитенттерге жол ашады және ISE (Ирландия қор биржасы) және LuxSE (Люксембург қор биржасы) еурооблигацияларын шығарудың балама жолы ретінде шағын чектерді тартады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ “Белдеу және жол” бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

AIFC AI assistant