AFSA орнықты облигацияларды реттеу үшін ұсынылған нормативтік база жөнінде консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 29 шілдесі

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) орнықты облигацияларды реттеу үшін ұсынылған нормативтік база (AIFC ESG Debentures framework) жөнінде ұсыныстар алу мақсатында консультациялық құжатты шығарды.

Болжалды нормативтік база «АХҚО ESG-облигациялары» кешенді тұжырымдамасы шеңберінде жасыл және орнықты борыштық құралдарды шығару мен ұсынуға қойылатын ең төменгі реттеу стандарттары мен талаптарды енгізеді. Мақсат – эмитенттерге нақты нұсқаулар беру, бұл осы қаржылық өнімдерді әзірлеу мен олардың маркетингін жеңілдетеді, сонымен қатар инвесторларға орнықты инвестициялау мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.

Осы құжаттағы ұсыныстар лицензиаттарды қоса алғанда, АХҚО-ның қазіргі және әлеуетті қатысушылары үшін, «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) немесе одан орнықты облигациялар және/немесе сукук шығаруға немесе ұсынуға мүдделі лицензияланған нарықтық мекемелер мен заң консультанттары үшін қызықты болады.

Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.

Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 29 шілдесі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0008-from-28-june-2024-on-the-proposals-to-the-aifc-esg-debentures.

 

 

Анықтама үшін:

 

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]