FAQ
Компаниялар құрылтай құжаттарын, акционерлер мен директорлар туралы мәліметтерді, сондай-ақ өз қызметінің сипаттамасын ұсынады. Тіркеу АХҚО тіркеушісі арқылы KYC/AML рәсімдерінен өту арқылы жүзеге асырылады.
Әдетте, құжаттар толық болған және ішкі келісулерден өткен жағдайда тіркеу процесі 3-7 жұмыс күнін алады.
Авторизация (лицензиялау) процесі 6-12 айға дейін созылады.
АХҚО-ның Авиациялық қаржы хабы мыналарды ұсынады:
-әуе кемелерін қаржыландыру және лизингтік мәмілелерді құрылымдау және іске асыруға қолдау көрсету
-тұрақты авиация саласындағы бастамаларды, соның ішінде SAF жобалары қолдау және CORSIA талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету
-авиациямен байланысты жобалар бойынша консультациялық және сарапшылық қызметтер көрсету
-авиациялық қаржы саласында оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға және біліктілікті арттыруға жәрдемдесу
Қолданылатын ұйымдық нысандар:
— авиациялық лизингтік компаниялар
— SPV (активтерді иелену және қаржыландыру үшін арнайы жобалық компаниялар)
— әуе компаниялары
Иә, АХҚО аясында авиациялық лизинг және құрылымдалған қаржыландыруда кеңінен қолданылатын SPV құрылымдарын тиімді құруға болады.
Иә, қызметтің рұқсат етілген шеңберінде Қазақстан аумағында нақты болу талап етілуі мүмкін. Тиісті нұсқаулықтар мен нормативтік материалдар ресми сайтта қолжетімді.
АХҚО ағылшын жалпы құқығы қағидаттары негізінде жұмыс істейді және оның оның тәуелсіз соты мен төрелік орталығы бар.
Авторизацияланған компанияларға арналған кешенді салықтық жеңілдіктер:
0% корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, төлем көзінен ұсталатын салық (WHT), дивидендтер/капитал өсімінен түсетін табысқа (CGT), жеке табыс салығы, сондай-ақ Astana International Exchange алаңында листингтелген бағалы қағаздар бойынша дивидендтерге/капитал өсіміне/пайыздарға 0%.
0% төлем көзінен ұсталатын салық (WHT), АХҚО қатысушы компаниясының акциялары немесе үлестері бойынша төленетін дивидендтерге 0%, АХҚО қатысушы компаниясының акцияларын немесе үлестерін сатудан түсетін капитал өсіміне 0%.
Иә, АХҚО компаниялары кез келген валютада, соның ішінде АҚШ долларымен еркін жұмыс істей алады. Реттеу периметрі жөніндегі AFSA нұсқаулығын қараңыз (4-тарау. Валюталық реттеу).
Иә, кредиттер беру қызметіне лицензия (Providing Credit Licence) немесе исламдық қаржыландыруды ұсынуға лицензия (Providing Islamic Financing Licence) талап етіледі.
АХҚО шеңберінде қаржылық қызметтерді реттеу және лицензиялау функцияларын AFSA жүзеге асырады.
Қазақстан Кейптаун Конвенциясының және авиация жөніндегі хаттаманың қатысушысы, ол активтерді кепілге қою арқылы қаржыландыру үшін халықаралық танылған стандартты қамтамасыз етеді. Елде тіркеуден шығаруға және экспортқа қайтарып алынбайтын сенімхат (IDERA) бойынша нақты құқықтық тетіктер жұмыс істейді, олар лизинг берушілерге дефолт болған жағдайда активті бақылауды ұсынады.
АХҚО құрылымдары кредиторларды қорғауға және активтердің сақталуына қолдау көрсете отырып, халықаралық үздік практикаға сәйкес келеді.
Әуе кемелерін тіркеу ұлттық деңгейде жүзеге асырылады, бірақ АХҚО әуе кемелерінің лизингтік мәмілелерін құрылымдауға қолдау көрсете алады.
АХҚО шеңберіндегі авторизация авиациялық лизингпен айналысатын компанияларға Қазақстанның, Орталық Азияның және Кавказдың жылдам дамып келе жатқан авиациялық нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, бәсекелестік артықшылық береді.
АХҚО мыналарды ұсынады:
— ағылшын құқығына негізделген құрылымдау
— қаржылық артықшылықтар
— активтерді қорғау
— әуе кемелерін қаржыландырудың әртүрлі нұсқаларына қолжетімділік
Иә. АХҚО-ның авиациялық қаржы хабы авиациялық жобаларға қолдау көрсете алады, консультациялар беріп, инвесторлар мен жоба иелері арасында байланыс орнатуға көмектеседі, сондай-ақ қарыздық және үлестік қаржыландырудың қолжетімді нұсқаларын айқындайды.
АХҚО авиакомпанияларды көміртек өтемақысының тексеруден өткен жеткізушілерімен байланыстыра отырып және осы мәмілелерді жеңілдете отырып, көміртегі платформасы арқылы CORSIA талаптарына сәйкес келетін көміртегі кредиттеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
АХҚО орнықты авиациялық отын (SAF) жобаларына АХҚО Жасыл қаржы орталығы арқылы қолдау көрсетеді, ол SAF саласында құрылымдау және консультациялық қызметтер ұсынады, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру үшін «жасыл» құралдарды ұсынады.