Қаржылық құралдар
Junior Mining Platform дамыту шеңберінде АХҚО тау-кен секторындағы ерте кезең жобаларына бағытталған әртүрлі қаржыландыру құралдарын қолдану тәсілдерін пысықтауда.
Саланың ерекшелігін және геологиялық барлау кезеңіндегі жоғары тәуекел деңгейін ескере отырып, толық инвестициялық дайындыққа жеткенге дейін капитал тартуға мүмкіндік беретін баламалы қаржыландыру тетіктеріне ерекше назар аударылады.
Мұндай құралдарға мыналар жатады:
Royalty (роялти) – инвестор жобадан болашақ табыстың немесе өндіріс көлемінің белгілі бір үлесін алу құқығы үшін капитал ұсынатын қаржыландыру нысаны. Бұл құрал қарыздық жүктемені арттырмай және меншік иелерінің үлесін жоймай қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді.
Streaming (стриминг) – инвестор алдын ала қаржыландыру беріп, жоба өнімінің бір бөлігін алдын ала белгіленген бағамен сатып алу құқығына ие болатын келісім. Бұл тәсіл жобаны ерте кезеңде банк қаржыландыруынсыз капиталмен қамтамасыз етеді.
Earn-in келісімі – инвестор келісілген міндеттемелерді орындау шартымен, әдетте геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру немесе жобаны дамытуға инвестиция салу арқылы жоба үлесін алу құқығына ие болатын тетік.
Option agreement (опциондық келісім) – инвесторға алдын ала белгіленген шарттар орындалған жағдайда жоба үлесін сатып алу құқығын береді. Бұл құрал инвестицияны кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік береді.
Joint Venture (бірлескен кәсіпорын) – инвестор мен жоба иесі ресурстарды біріктіріп, тәуекелдер мен табысты бөлісе отырып жобаны бірлесіп іске асыратын серіктестік нысаны.
Аталған құралдар инвесторлар мен жоба бастамашылары арасындағы ықтимал өзара іс-қимыл модельдері ретінде қарастырылады және қатысушыларға әдейілеп ұсынылмайды.
Junior Mining Platform мәмілелерді құрылымдауға қатыспайды және қаржылық келісімдердің тарапы рөлін атқармайды. Құралдарды таңдау және қолдану шарттарын тікелей қатысушылар – инвесторлар мен жоба иелері анықтайды.
Тіркеу жарнасы
Тіркеу жарнасы Junior Mining Platform-ға қатысуға өтінім беретін жобалар үшін ғана (лицензия иелеріне) қолданылады.
Өтінім беру үшін 300 АҚШ доллары көлемінде тіркеу жарнасы қарастырылған. Жарна өтінімді қарастыру үшін алынады және қайтарылмайды.
Бір өтінім бір лицензиялық учаскеге (жобаға) сәйкес келеді. Әр түрлі лицензия бойынша бірнеше өтінім берілген жағдайда, әр өтінім үшін тіркеу жарнасы бөлек төленеді.
Байланыс ақпараты