Ерікті көміртегі нарығының жаһандық дамуы және Қазақстан үшін практикалық қолданылуы

Кіріспе

Соңғы жылдары ерікті көміртек нарығы (Voluntary Carbon Market, VCM) ашықтықты, сенімділікті және экологиялық тиімділікті арттыруға бағытталған стандарттардың, әдіснамалардың және басқару тетіктерінің дамуы нәтижесінде қарқынды өсіп, елеулі өзгерістерге ұшырауда. Бұл есепте ерікті көміртек нарығының негізгі ерекшеліктері, оның жаһандық дамуы және Қазақстандағы практикалық қолданылуы қарастырылады. 

Есептің алғашқы бөлімінде VCM туралы негізгі ақпарат, оның анықтамасы және көміртек жобаларының негізгі түрлері берілген. Бұдан әрі Integrity Council for the Voluntary Carbon Market (ICVCM)Voluntary Carbon Markets Integrity Initiative (VCMI) және International Carbon Reduction and Offset Alliance (ICROA) сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың рөлі, сондай-ақ нарықтың сенімділігін қамтамасыз ететін қағидаттары мен кодекстері қарастырылады. 

Сонымен қатар есепте әлемдегі жетекші көміртек кредиттерін сертификаттау бағдарламалары — Verra ұйымының Verified Carbon Standard (VCS) және Gold Standard салыстырылып, көміртек кредиттері бағасының жаһандық үрдістері мен сертификаттау стандарттарының рөлі талданады. Қорытынды бөлім Қазақстандағы ерікті көміртек нарығын дамытуға арналған және нарықтың негізгі қатысушылары мен көміртек жобаларын әзірлеудің негізгі кезеңдерін — жоба тұжырымдамасын әзірлеуден бастап көміртек кредиттерін шығаруға дейінгі процесті қамтиды. 

Негізгі қорытындылар

Ерікті көміртек кредиттері нарығы тұрақты өсуді көрсетуде 

2019–2022 жылдар аралығында көміртек кредиттерінің көптеген санаттары бойынша бағалар жыл сайын 30–40%-ға өсті. Соңғы екі жылда нарық тұрақтанғанымен, сұраныс құрылымы өзгерді: бұрын жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобалар басым болса, бүгінде ормандарды сақтау, жерді қалпына келтіру және топырақтың сапасын жақсарту сияқты табиғатқа негізделген шешімдерге сұраныс артып келеді. Мұндай көміртек кредиттерінің бағасы бір тонна CO₂ үшін 15–20 АҚШ долларына дейін жетіп, жобаларды әзірлеушілер үшін тартымды мүмкіндік қалыптастыруда. 

 

Авиация саласы нарықтың өсуіне қосымша серпін беруде 

2027 жылдан бастап халықаралық әуе компаниялары ICAO CORSIA бағдарламасы аясында өздерінің көміртек шығарындыларын өтеуге міндетті болады. Бұл бүкіл әлем бойынша жоғары сапалы көміртек кредиттеріне деген сұраныстың едәуір артуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта бағдарламаға 129 мемлекет, оның ішінде 2019 жылдан бері қатысып келе жатқан Қазақстан қосылған. Бұл қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларының міндеттемелерін орындау үшін отандық көміртек кредиттерін өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Авторлар туралы

Әсел Нұрахметова

Әсел Нұрахметова

Директор , ХҚО әкімшілігі Көміртегі платформасы

Айзада Исмаилова

Айзада Исмаилова

Бас менеджер, АХҚО әкімшілігі Көміртегі платформасы

AIFC Services Assistant