Шығарындылар саудасы жүйелері және ерікті көміртегі нарығы жаһандық шолу және Қазақстан үшін перспективалар

Кіріспе

Бұл есеп Қазақстанға ерекше назар аудара отырып, шығарындылар саудасы жүйелерінің (Emissions Trading Systems, ETS) және ерікті көміртек нарығының (Voluntary Carbon Market, VCM) реттелуі мен дамуын қарастырады. 

Есептің бірінші бөлімі шығарындылар саудасы жүйелеріне (ETS) арналған. Онда Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Корея Республикасы, Қытай және Жапониядағы ETS жүйелерінің халықаралық тәжірибесіне шолу жасалып, Қазақстанның ұлттық шығарындылар саудасы жүйесінің (KAZ ETS) қолданыстағы заңнамалық базасы мен қазіргі жағдайы талданады. Сонымен қатар көміртек бағасы, сауда көлемі, экономика салаларын қамту деңгейі, жүйенің негізгі мәселелері және оны жетілдіруге арналған халықаралық үздік тәжірибелер қарастырылады. 

Есептің екінші бөлімі ерікті көміртек нарығына (VCM) арналған. Онда халықаралық көміртек стандарттары, көміртек жобаларының негізгі түрлері, жаңартылатын энергия сертификаттарының (Renewable Energy Certificates, RECs) жаһандық нарығы, Орталық Азия мен Кавказдағы VCM дамуы, сондай-ақ Қазақстандағы VCM және I-REC нарықтарының даму перспективалары талданады. Қорытынды бөлімде AIFC-тің I-REC нарығын, ерікті көміртек нарығын дамыту және AIFC Carbon Platform платформасын құру бағытындағы жұмыстары ұсынылған. 

Негізгі қорытындылар

ETS жүйесіндегі бір көміртек бірлігінің бағасы халықаралық деңгеймен салыстырғанда төмен болып отыр 

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған және индустриялық дамушы елдердегі шығарындылар саудасы жүйелері көміртек бағасының нарықтық қалыптасуын қамтамасыз ету үшін квоталардың бір бөлігін аукцион арқылы бөлу тетігін қолданады. 

Қазақстанның ұлттық шығарындылар саудасы жүйесі (KAZ ETS2013 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта энергетика, тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі 135 компанияның шығарындыларын қамтып, елдегі парниктік газдар шығарындыларының шамамен 47%-ын қамтиды. Барлық квоталар тегін бөлінетіндіктен, көміртек бағасы төмен деңгейде қалып отыр. Қазіргі уақытта бір көміртек бірлігінің бағасы шамамен 1 АҚШ долларын құрайды, ал 2023 жылы Еуропалық шығарындылар саудасы жүйесінде (EU ETS) бұл көрсеткіш шамамен 90 АҚШ долларына жетті. 

 

Халықаралық ETS тәжірибесі KAZ ETS жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді 

KAZ ETS жүйесінің қазіргі жағдайын және халықаралық тәжірибені талдау жүйенің тиімділігін арттыру және экономиканы декарбонизациялауды жеделдету үшін қосымша нарықтық тетіктерді енгізу қажеттігін көрсетеді. 

Ұсынылатын шаралардың қатарында көміртек квоталарын ақылы негізде бөлу, көміртек бірліктерін әртүрлі сауда алаңдарында өткізу мүмкіндігін кеңейту, ETS қатысушыларының ауқымын ұлғайту және арнайы көміртек қорын құру бар. 

Авторлар туралы

Әсел Нұрахметова

Әсел Нұрахметова

Директор , ХҚО әкімшілігі Көміртегі платформасы

Айзада Исмаилова

Айзада Исмаилова

Бас менеджер, АХҚО әкімшілігі Көміртегі платформасы

AIFC Services Assistant