АХҚО Жасыл қаржы орталығы Қазақстанның жасыл сутегі альянсының тең құрылтайшысы болды
Astana Finance Days аясында 2022 жылғы 29 маусымда Бірінші Жасыл сутегі форумында Қазақстанның жасыл сутегі альянсын құру туралы келісімге қол қойылды, оған Бас директор Айдар Қазыбаев басқаратын АХҚО Жасыл қаржы орталығы қосылды. Құрылған Альянс сутегі өнеркәсібіндегі негізгі ұлттық және шетелдік ойыншыларды біріктіреді және ел үшін жаңа ресурс – жасыл сутегін өндіруде Қазақстанның әлеуетін ілгерілетуге арналған.
Форумда Task Force АХҚО – Kazakh Invest демеушілігімен құрылған Қазақстанның жасыл сутегі альянсына АХҚО Жасыл қаржы орталығынан басқа қазақстандық компаниялар мен осы саладағы әлемдік жетекші компаниялар, Fortescue Future Industries, Linde, Qazaqgaz, Svevind, Green Spark, сондай-ақ саланың басқа қатысушылары кірді.
Қазақстанда жаңартылатын энергия өндірісін дамыту және жасыл сутегі саласындағы мемлекеттік жобаларды (соның ішінде инвестициялық жобаларды) іске асыру үшін салыстырмалы артықшылық беретін бірегей табиғи-климаттық жағдайлар бар. Тәуелсіз зерттеулерге сәйкес, еліміз жасыл сутегінің экспорттық әлеуеті бойынша алғашқы он елдің қатарына кіреді, бұл ел экономикасын көміртексіздандыруға маңызды үлес қоса алады.
Альянсты құру туралы келісімге қол қою рәсімінде АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев өзі басқаратын Орталық, сондай-ақ оның еншілес ұйымдары – Green Technology Hub және Eurasian Environmental Fund жасыл сутегі саласындағы жобаларды тартуға және іске асыруға, оның ішінде жасыл технологиялар трансфертіне, жасыл облигациялар шығаруға және жасыл несиелеуге көмек көрсететінін атап өтті. Бұл ретте Жасыл қаржы орталығы АХҚО-ның барлық қызметтері мен оның экожүйесі үшін «бір терезе» рөлін атқаратын болады. Ол сондай-ақ Қазақстан экономикасын декарбонизациялау үшін Альянс пен Ұлттық ESG клубының (ол бір күн бұрын құрылған) күш-жігерін біріктіруді және осы жылдың қазан айында COP-27 алдында бірінші ESG Global форумын өткізуді ұсынды.
Astana Finance Days 2022 конференциясының бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).
Анықтама:Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
www.gfc.aifc.kz