AIFC Green Finance Centre және Ernst & Young Advisory Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AIFC Green Finance Center (AIFC GFC) және EY компаниясы (бұрын Ernst & Young деп аталған) «Жасыл» және әлеуметтік облигациялар шығару және оларды верификациялауға көмек көрсетуді қоса алғанда, тұрақты және жасыл қаржыландыру саласында ынтымақтастық жасау және сапашылық біліммен алмасу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұрақты қаржылық қызметті, атап айтқанда «жасыл» облигациялар нарығын дамытуға және оларды АХҚО Халықаралық биржасында (AIX) листингтен өткізуге бағытталған.

EY – «жасыл» және әлеуметтік облигациялар шығару, сондай-ақ оларды верификациялауды өткізу саласында да кеңес беруге маманданған жетекші халықаралық консалтингтік және аудиторлық компания.

Виктор Коваленко мырза, EY директоры: «Жасыл» облигациялар нарығы Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бізде осы заманауи қаржы құралы арқылы қаржыландыруды тартуға әлеуетті көптеген жобамыз бар. Тек оны қолдануды игеріп, оны пайдалануды үйреніп, халықаралық инвесторлардың осындай облигацияларға деген сеніміне ие болу керек», – деді.

AIFC GFC Қазақстанның жасыл қаржы жүйесін қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жасау, заңнамалық стандарттарды енгізу, АХҚО биржасының платформасында жасыл облигациялардың эмитенттеріне консультативтік қолдау көрсету, жасыл қаржыландыру саласында зерттеулер жүргізу, тренингтер мен жаңа платформа – Жасыл өсу форумы (Green Growth Forum) арқылы қоғамның хабардар болуын және іскерлік ортаның әлеуетін арттыру арқылы Қазақстан мен өңірдегі жасыл қаржы мен жасыл облигациялар нарығын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

Әсел Нұрахметова, AIFC GFC бас директоры:

«AIFC GFC бұл біздің клиенттерімізге, әлеуетті эмитенттерге AIX алаңында жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығаруға құжаттарды дайындау мен верификациялауда үздік халықаралық практиканы ұсынуға мүмкіндік беретін EY компаниясымен ынтымақтастық орнатуға қуанышты», – деп атап өтті.


 Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC GFC – «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізуге, АХҚО-ны жасыл қаржы хабы ретінде ілгерілетуге және Қазақстанға жасыл инвестициялар тартуға жауапты ұйымы. https://gfc.aifc.kz/

EY – аудит, салық салу, мәмілелерге қолдау көрсету және кеңес беру саласындағы халықаралық көшбасшы. 1992 жылы EY халықаралық фирмалар арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанда түрлі салада жұмыс жасайтын трансұлттық корпорацияларды, ұлттық және жеке компанияларды қоса алғанда, кең ауқымды ұйымдарға аудиторлық және консалтингтік қызметтерін ұсынды. Бүгінгі таңда EY-дың Қазақстандағы қызметімен 700 қызметкер айналысады, оның Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында. үш кеңсесі бар. Қосымша ақпарат алу үшін  https://www.ey.com/ru_kz сайтына кіріңіз.

 

AIFC AI assistant