«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ) Astana Finance Days шеңберінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 
  Меморандум шарттары Жасыл қаржылар жүйесіне арналған көмекші нормативтік-құқықтық базаны дамытудағы, сондай-ақ АХҚО Биржасында жасыл облигацияларды шығару бойынша акселерациялық бағдарламадағы әрі қарайғы ынтымақтастықты қарастырады. 
    ЕҚҚДБ Президенті Сэр Сума Чакрабарти: «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуы Қазақстанда, Орталық Азияда және тұтас өңірде бәсекеге қабілетті, тиімді және ашық қаржы нарығын құруға көмектесіп жатыр. Бүгін АХҚО мен ЕҚҚДБ арасында қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум жасыл қаржылар саласындағы бірлескен жұмысымызды жеделдетеді және жасыл облигациялар нарығын құруға мүмкіндік жасайды», – деп атап айтты.
 «ЕҚҚДБ АХҚО қызметін дамытуда, соның ішінде жаңа бағыт – жасыл қаржыларды құруда тұрақты серіктес болып табылады. ЕҚҚДБ-ның алғашқы техникалық көмегінің шеңберінде Қазақстанның қаржыландырудың жасыл жүйесін құрудың тұжырымдамасы әзірленді», – деді Қайрат Келімбетов.
Қол қойылған Меморандум Тараптарға Қазақстанда жасыл облигациялар нарығын дамыту, жасыл қаржылар саласындағы реттеу бойынша бағдарламалық құжаттар мен ұсынымдарды әзірдеу бойынша бірлесе қызмет атқаруға мүмкіндік береді. ЕҚҚДБ жасыл қаржылар мен жасыл қаржылар құралдары өңірлік нарығының драйвері болуы тиіс Жасыл қаржылар орталығының құрылуын қолдайды. 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтердің халықаралық деңгейдегі жетекші орталығын қалыптастыру. Елдің экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету АХҚО-ның міндеттері болып табылады. www.aifc.kz
ЕҚҚДБ. 1990 жылғы 29 мамырдағы Банкті құру туралы келісімге сәйкес жария халықаралық құқығы негізінде құрылған халықаралық қаржы ұйымы, оның мақсаты елдердің нарықтық экономикаға көшуін ынталандыру және Банк операцияларының елдерінде жеке және кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу болып табылады. https://www.ebrd.com

AIFC AI assistant