«ESG-қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы»
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – ЖҚО) орнықты облигациялардың мойындалған тексерушісі бола отырып, «ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясына қатысты. Конференция тұрақты бизнесті дамытудың тиісті құралдары мен көрсеткіштерін, жасыл қаржыландыруды тартудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін және жауапты инвестициялық тәжірибелерді талқылау алаңына айналды.
«Жауапты инвестициялар: инвестициялық стратегиядағы жаңа ESG парадигмасы» атты панельдік пікірталастағы ЖҚО Бас Директоры Айдар Қазыбаевтың сөйлеген сөзінде Қазақстанда ұлттық ESG рейтингін құрудың объективті қажеттілігі атап өтілді. Бұл идея қазақстандық нарыққа қатысушыларға жоғары сапалы жаһандық ESG инвесторларына қол жеткізу мүмкіндігін беру және сонымен бірге тұрақты дамудың ұлттық күн тәртібіне қатысты ESG өнімділігін бағалау құралын ұсыну болып табылады.
Ұлттық ESG рейтингі халықаралық деңгейде мойындалған, беделді әдіснамалық негіздерге негізделуі және сонымен қатар жергілікті, аймақтық өлшемге ие болуы керек. ESG рейтингіне қатысу компанияларға бірнеше артықшылықтар бере алады, соның ішінде: инвесторлардың, клиенттердің және басқа да мүдделі тараптардың есеп беруде және рейтингтерде ақпаратты ашудағы ашықтық қағидаты есебінен компанияға деген сенімін арттыру, халықаралық және ұлттық инвесторлар, активтердің тартымдылығын арттыру, қаржылық емес және беделді тәуекелдерді азайту және әлемдік деңгейде бедел мен брендтің танымалдылығын арттыру.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.
Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz