Халықаралық төрелік орталық IAC Online Central Asia Vis-Arbitration Moot 2021 студенттер жарыстарының финалын өткізді

Уильям К.Вис атындағы Халықаралық коммерциялық төрелікті ұйымдастыру және ілгерілету қауымдастығы ХТО әріптесі болды. Қауымдастық әлемдегі ең мәртебелі халықаралық төрелік оқу процесті ұйымдастырады. IAC Online Central Asia Vis-Arbitration Moot 2021 Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

Байқаудың мақсаттары – халықаралық коммерциялық құқық пен төрелікті оны коммерциялық дауларды шешу үшін практикалық қолдану арқылы зерделеу, сонымен қатар болашақ заңгерлерді төрелік практика әдістеріне оқыту. 28-ші байқаудың проблемасы  Біріккен Ұлттар Ұйымының тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенциясын (CISG) қолдануға жататын тауарларды халықаралық сату нәтижесінде туындайтын келіспеушіліктерді зерделеуге бағытталған.

Байқаудың финалы ХТО Төрағасы Барбары Доманн QC, сонымен қатар ХТО төрешілер панелінің өкілдері – Baker McKenzie заңгерлік фирмасының серіктесі Александр Коробейниковтің және Nektorov, Saveliev & Partners компаниясының серіктесі Илья Рачковтың қатысуымен өтті. Дели Ұлттық Құқық Университетінің (Үндістан) және Мәскеу халықаралық қатынастар институтының (Ресей) студенттері   9-10 ақпанда ұйымдастырылған алдын ала раундтарда ең жоғары балл жинап, байқаудың финалына өтті. Жарыстардың үздік спикері болып Үндістан университеті командасының мүшесі Филип Алекс аталды.

Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Польша,Украина, Түркия, Чехия, АҚШ, Қытай, Сингапур, Индонезия, Үндістан, Франция, Германия, Австрия, Бразилия және Гватемаланы қоса, 17 елден 22 команда алдын ала раундтарға қатысты. Жарыс АХҚО Сотында және ХТО-да істер тыңдау үшін пайдаланылатын ең жаңа бейнетехнологияларды қолданумен онлайн өткізілді.

Студенттер байқауы АХҚО Соты мен ХТО-ның 2021 жылға арналған заңгерлік білім беру бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. 22 команданың барлығының дайындық деңгейі әлемдік стандартқа сәйкес болды. Барлық қатысушылар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Ұлыбританияның жетекші төрешілері мен заңгерлік фирмалар серіктестерінен пікірлер алды.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы, былай деп түсіндірді:

«Біз IAC Online Central Asia Vis-Arbitration Moot 2021 Қазақстанның, Орталық Азия өңірінің және бүкіл әлемнің үздік заңгерлік мектептері мен университеттері арасында соншалықты танымал болып шыққанына өте қуаныштымыз. Биыл біздің байқауымызға 17 елдің жетекші заңгерлік жоғары оқу орындары қатысты. Байқау заңгер студенттерге ХТО Төрағасы Барбара Доманн, корольдік адвокат және ХТО төрешілер командасы құрамының әлемдік деңгейдегі басқа да төрешілері алдында жазбаша және ауызша адвокаттық қызметті атқару бірегей мүмкіндігін ұсынады. ХТО Қазақстанда жас заңгерлерге өңірлік және жаһандық деңгейлерде қолдау көрсетуге, сонымен қатар Орталық Азияда коммерциялық дауларды шешу үшін үздік таңдау ретінде дауларды балама шешу бойынша әлемдік дәрежеде қызметтер ұсынуға  ұмтылады».

Анықтама үшін:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». https://aifc.kz/

АХҚО халықаралық төрелік орталығы (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз орган болып табылады және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес құрылған.

ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық салаларында және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. ХТО шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде орындалады. https://iac.aifc.kz/

AIFC AI assistant