Институционалдық инвесторларға арналған «Қазатомөнеркәсіп» SPO-сы шеңберіндегі инвестициялардың үштен бір бөлігінен артығы AIX арқылы тартылды

2020 жылғы 3 маусымда «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ («Самұрық-Қазына») әр ЖДҚ/акция бағасы $13-мен, жалпы сомасы $206 653 499 АҚШ долларын құраған 15,9 млн акцияны («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ («Қазатомөнеркәсіп») акциялары мен жаһандық депозитарилік қолхаттары (ЖДҚ) түрінде)  Astana International Exchange («AIX») және Лондон қор биржасында («ЛҚБ») институционалдық инвесторларға арналған өтінімдер кітабын жылдамдатып қалыптастыру (Accelerated bookbuilding) арқылы сатты.

  • 1 030 815 акция AIX-та қазақстандық инвесторларға сатылды.
  • AIX-та сатылған 4 333 960 ЖДҚ-ның 2 500 000 шетелдік инвесторлармен, ал 1 833 960 – қазақстандық инвесторлармен сатып алынды.
  • Жалпы SPO-ның 33,7%-ы AIX арқылы іске асырылды.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деп мәлімдеді:

«Екі жылға созылған «Қазатомөтеркәсіп» компаниясын жекешелендіруі  барысында біз институционалдық және жеке инвесторлардың компанияға тұрақты қызығушылық танытқанын байқадық. «Қазатомөнеркәсіп» Astana International Exchange арқылы шетелдік инвестициялардың елеулі көлемін тарта алғанын қуана айтқым келеді, олар компанияның және жалпы Қазақстан экономикасының әрі қарай дамуы үшін маңызды болып табылады».

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті: 

«Astana International Exchange алаңында бағалы қағаздарды орналастыру кезінде «Қазатомөнеркәсіп» IPO-сы мен SPO-сының елеулі қолдауға ие болуы халықаралық нарықта да, ішкі нарықта да сезілді. Негізгі акционердің, букраннерлердің және AIX командасының үйлесімді жұмысының арқасында Қазатомөнеркәсіп кең ауқымды шетелдік инвесторлар қорын тарта алды».

«Halyk Finance» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Фархад Охонов былай деді:

«Институционалдық орналастыру ойдағыдай аяқталды, өйткені біз халықаралық және отандық институционалдық инвесторлар тарапынан күшті қолдауды байқадық, бұл – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының акционерлік тарихын және жалпы индустрияның тарихын инвесторлардың аңғарғанын растай түседі. «Самұрық-Қазына» қоры бірнеше сағаттың ішінде AIX-тағы өтінімдер кітабында және жаһандық кітапта керемет сұранысты, сондай-ақ қайталама нарықтағы бағаның оң серпінін қамтамасыз ете алды, бұл – компания акцияларының өтімділігі арта түседі және инвестициялық қызығушылық әрі қарай өседі деп топшылауға мүмкіндік береді.»

Дмитрий Бродский, басқарушы директор, «Ренессанс Капитал» ИК Ресей және ТМД нарықтарындағы акционерлік капитаралмен жұмыс жасау жөніндегі басқарма басшысы: 

Ұлттық жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясындағы «Самұрық-Қазына» үлесінің сатылуы Ковид-19 пандемиясы басталғаннан бері шекаралық нарықтағы эмитент-компанияның алғашқы орналастыруы болды және инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс тудырды. Біз сұраныстың ұсыныстан бірнеше рет артық болғанын, сондай-ақ AIX арқылы жергілікті орналастыруда және халықаралық траншта жаңа ірі инвесторлардан көп мөлшерде қатысуын байқадық. Бұл транзакция Қазақстанның жекешелендіру бағдарламасын ойдағыдай жалғастыруға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағдай жасайды, сондай-ақ пандемиядан кейін нарықтардың бірте-бірте қалпына келуіне қарай, басқа эмитенттердің жаңа орналастыруларды іске асыруға деген сенімділігін қамтамасыз етеді».

3 маусымда «Самұрық-Қазына» AIX арқылы шамамен 385 000 акция сату мақсатында (акциялар және ЖДҚ нысанында) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бөлшек сауда инвесторларына бөлшек жазылуды ашты. Бөлшек сауда инвесторларына арналған өтінімдерді жинау 2020 жылғы 8 маусымда сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) аяқталады.

Citigroup Global Markets Limited LSE-де Институционалдық Орналастыру шеңберіне бірлескен жаһандық үйлестіруші ретінде әрекет етті, ал Renaissance Capital LSE-де Орналастыру шеңберінде бірлескен жаһандық үйлестіруші ретінде және AIX-та Институционалдық Орналастыру шеңберінде бірлескен  букраннер ретінде әрекет етті. «Halyk Finance» АҚ AIX-та үйлестіруші және букраннер ертінде әрекет етті.

2018 жылғы қараша айында бастапқы жария орналастыру (IPO) шеңберінде «Самұрық-Қазына» LSE және AIX алаңдары арқылы Компанияның шығарылған акционерлік капиталының 14,92%-ын сатуды жүзеге асырды. 2019 жылғы қыркүйек айында қосымша орналастырудың нәтижесінде еркін айналымдағы (free-float) акциялардың жалпы көлемі 18,72%-ға жетті. Ағымдағы екінші қайтара орналастыруды ескерер болсақ, сондай-ақ әртүрлі инвесторлардың пайдасына жергілікті орналастыру толық көлемде жүзеге асырылған жағдайда, компанияның еркін айналымдағы акциялары 25%-ды құрайды.


 

Анықтама:

AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX “Белдеу және жол” бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. “Астана” халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant