«АХҚО зерттеу жобаларының шолуы» сессиясының қорытындысы

Astana Finance Days конференциясы аясында «АХҚО зерттеу жобаларының шолуы» сессиясы өтті.  Сессия қатысушылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының зерттеу жұмыстары қаржы орталығы негізгі қызметінің аясында тиімді ұсыныстар мен жаңа шешімдер дайындауға көмектесетінін айтты.

Талқылау барысында орталық сарапшылары мен серіктестер ағымдағы мәселелер туралы сөз қозғады. Атап айтқанда Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусман экономикалық өсім диагностикасы бойынша жұмысты таныстырып, елдердің экономикалық өсімін не нәрсе жеделдетіні, экономиканы қалай әртараптандыруға болатыны, Қазақстанның әлемдік қосымша құн тізбегіне қалай қосылуға болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар Еуразиялық Қытай-Ресей зерттеу орталығы (CREC) қызметі мен жоспары таныстырылып, СКОЛКОВО бизнес мектебі бірлескен бастамалары, Гонконг ғылым және технология университеті, Гуанджоудағы Гонконг ғылым және технология университеті және Ресей экономика мектебі бастамалары айтылды.

Таяуда CREC АХҚО-мен ынтымақтастық орнатып, орталық аумағында өкілдігін ашты. CREC өңірде алдыңғы қатарлы зерттеу және білім беру платформасына айналуды мақсат етеді. АХҚО қолдауы CREC-ке Еуразия құрлығында ғылымды дамытуға үлес қосып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтасты кеңейтпек.

CREC зерттеу және ғылым саласында мемлекеттік, жеке және академиялық құрылымдар үшін менторлық бағдарлама ашатынын хабарлады. Бағдарлама Еуразия, Орталық Азия мен Кавказ өңірінің қатысушыларына мақала жазуға және оны ары қарай жариялауға сонымен қатар зерттеу жобаларын дайындауға мүмкіндік береді.

Сессияда инвестициялық жобалардың онлайн платформасының ашылғаны хабарланды. Ол Жібек жолы экономикалық дәлізінің елдерінің қаржыландыруға мұқтаж инвестициялық жобаларын бағалауға арналған. Жоба инвестиция тарту кезінде тиімділікті арттыруға бағытталған.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. aifc.zuweb.co