АХҚО Жасыл қаржы орталығы Моңғолияның Жасыл қаржы корпорациясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
15 маусымда Моңғолия Президентінің қолдауымен өткен Sustainable Finance Week of Mongolia іс-шарасы аясында АХҚО Жасыл қаржы орталығы Моңғолияның Жасыл қаржы корпорациясымен (Mongolian Green Finance Corporation, MGFA) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар орнықты және климаттық қаржыландыру саласында тәжірибемен және практикамен алмасу, сондай-ақ қаржыландыру бағдарламалары үшін жаһандық климаттық қорлардың қаражатын тарту туралы уағдаласты.
АХҚО Жасыл қаржы орталығының кеңесшісі Айгүл Құсалиева: «Жасыл климаттық қордың көмегімен жасыл жобаларды қаржыландыру үшін осындай нақты институт құру тәжірибесі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын көздеген дамушы елдер үшін өте құнды. Қазақстан үшін жұмыс істеп тұрған ұлттық қаржыландыру институттарын қайта форматтау немесе Моңғолия үлгісі бойынша жеке жасыл банк құру өзекті болып отыр», – деп атап өтті.
MGFC басқарма төрағасы Болд Магван: «Біз Моңғолияның алғашқы жасыл банкін құру бойынша тәжірибемізбен бөлісуге және тұрақты қаржыландырудың аймақтық нарығын дамыту тәжірибесін зерттеуге қуаныштымыз. Корпорацияны құру – төмен көміртекті және ресурстарды үнемдейтін экономикаға жоспарлы көшуді қаржыландыру және Моңғолияның NDC нысаналы көрсеткіштеріне жету үшін ресурстарды жұмылдырудың негізгі қадамдарының бірі» екенін баса айтты.
MGFA 2021 жылы Жасыл климаттық қордың (ЖКҚ), Моңғолия Үкіметінің және жергілікті банктер консорциумының «Readiness» қаржыландыруын қоса алғанда, 50 миллион АҚШ доллары көлеміндегі акционерлік капиталды тарту арқылы құрылды. Корпорация ЖКҚ қаржыландыратын жасыл жобаларды қаржыландырудың алғашқы ұлттық тетігі және Моңғолияның қаржы секторындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы бастамасы.
MGFC төмен көміртекті технологияларға көшу, жақсартылған саяси орта құру, әлеуетті арттыру және осы миссияны қолдау үшін мүдделі тараптардың хабардарлығын арттыру мақсатында жеке тұлғалар мен кәсіпорындар үшін жасыл, қолжетімді және гендерлік факторларды ескеретін қаржыландыруды енгізуге бағытталған. MGFC өнеркәсіпте энергия тиімділігін арттыру, жылу оқшаулау және экологиялық қауіпсіз қолжетімді тұрғын үй үшін қатысушы қаржы институттарына wholesale қаржыландыруын қамтамасыз етеді.
Анықтама үшін:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
«AIFC Green Finance Centre Ltd.» жеке компаниясы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған компания. Қазақстанда және Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны жасыл қаржы орталығы ретінде ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында құрылған. Компания туралы толығырақ ақпарат корпоративтік интернет-ресурста орналастырылған. www.gfc.aifc.