QWANT Қазақстанда бағдарламашыларды даярлауға арналған алғашқы онлайн бағдарламасын іске қосты

QWANT онлайн мектебінде бағдарламашыларды даярлауға арналған алғашқы білім бағдарламасы іске қосылды. Осы іс-шараның арқасында Қазақстанның цифрлік өнімдер мен қызметтерінің нарығы клиенттік және серверлік дайындалған бағдарламалық жасақтама әзірлеушілер легіне қол жеткізеді.

Бар оқу процесі QWASAR Silicon Valley цифрлік платформасы арқылы ұйымдастырылған. Бұл Еуропа мен АҚШ программалау мектептерінің тәжірибесін қолданумен қатар үміткерлердің максималды санын қолданбалы білім көзімен қамтуға жағдай туғызады.

www.qwant.kz сайты арқылы 2500 өтініштер берілген болатын. Оның ішінен Hackerrank тәуелсіз алаңында 2394 үміткер жіберілген болса, 417 адам екі деңгейлі іріктеу кезеңінен өтіп, сәуір айының соңына дейін бағдарламаның серіктестері АҚШ- тың QWASAR Silicon Valley алаңында үш деңгейлі оқуды өтуге қол жеткізеді.

QWANT-тың оқытушылары, лекциялары, әрі бағалары жоқ. Оқу процесі шынайы өмірдегі оқу орнына барынша жақындатқан, ал бағдарлама қатысушылары өздігінен немесе топтарда шынайы кейстерді шешуге күн сайын дағдыланады. Жартыжылдық интенсив тек нарық мамандарын дайындауға емес, оғын қоса IT дарындарын дамытуға арналған. Бұл интенсив белсенді оқыту қағидаларына, жобалық оқыту, геймификация мен бағдарламалау тілдеріне тереңдеудің рольді модельдеуіне  сәйкес жасалған.  Әр қатысушы бұлтты интерфейс арқылы толығымен автоматтандырылған жүйе арқылы бағаланып дәріс алады. 

QWANT  бағдарламасының сертификаттарын алуға ынталанған үміткерлер келесі салалар бойынша дағдыларын дамытады: қолданбалы бағдарламау интерфейсі, жасанды интеллектінің практикалық бағдарламауы, веб инфрақұрылым, машинаны оқыту, мобильдік қосымшалар. Ерекше контенттен тыс QWANT мектебінде менторлык бағдарлама мен мәнсап дамыту бағдарламалары ұйымдастырылған. Сала сарапшылары бағдарлама қатысушыларына жан жақты қолдау көрсетеді, оның ішінде бағдарлама аяқталған кейін АХҚО Бюросы арқылы жұмысқа тұру мүмкіншілігі.

Келешекте QWANT ұсынылған оқу бағдарламаларының кеңейтілуі мен бастауыш бағдарламашыларға, IT және цифрландыру салаларында істейтін басқарушыларға арналған курстарды енгізуді көздеуде. Келесі қабылдауға арналған қысқа мерзімді бағдарлама мамыр айында басталуға жоспарлануда. 

 

БАҚ на арналған байланыс телефондары:

Мерей Маханова, +77017770418, [email protected]

 


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Бюросы (BCPD Ltd.) «Астана» халықаралық қаржы орталығының эко-жүйесінде және ашық нарықта жұмыс істейтін білікті кадрлердің қатарын арттыру үшін және жергілікті мамандардан халықаралық кәсіби маман деңгейіне дейін өскен кәсіпқойлар қосынын (пул)қалыптастыру үшін үздіксіз кәсіби даму саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді пайдалана отырып, халықаралық кәсіби сертификациялауға дайындық жұмыстарынжүзеге асырады.

QWASAR Silicon Valley бұл цифрлік жиһанның келешек көшбасшыларын даярлауға бағдарланған инновациялық бұлттық алаң.  QWASAR миссиясыцифрлік экономиканың сұранысына лайықты миллиондаған адамдарды даярлау, әрі білім көзін қолжетімді ету. IT мамандарын дайындауға арналған бұл бағдарлама дүниежүзілік ең үздік бағдарламаларының бірі болып табылады. Осыған қоса бұл бағдарлама 21 ғасыр үшін және цифрлік экономикаға арналып істелген. 

AIFC AI assistant