АХҚО Жасыл қаржы орталығы «ЖЭК секторында қаржыландыру мен субсидиялау құралдарын тарту» тақырыбындағы вебинарда өз мүмкіндіктерін таныстырды
АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) өкілдері «Жаңартылатын энергетика көздері (ЖЭК) секторында қаржыландыру мен субсидиялау құралдарын тарту» тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Вебинарды AIFC Business Connect ұйымдастырды.
Жасыл қаржы орталығының бас бизнес офицері Манас Гиджуаниев жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты инновациялық борыштық құралдар арқылы жаңартылатын энергия көздері саласына инвестиция тартуға арналған ЖҚО-ның қызметі мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде жасыл капитал нарығының іске қосылуын білдірген АХҚО Биржасындағы жасыл облигациялардың ең алғашқы шығарылымы айрықша атап өтілді.
Іс-шара барысында халықаралық және мемлекеттік даму институттарындағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын қаржыландыру мен субсидиялау құралдары және жобаларды іріктеуге қойылатын негізгі талаптар талқыланды.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.