АХҚО Жасыл қаржы орталығы Алматы қ. әкімдігімен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады

АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – ЖҚО) Бас директоры Айдар Қазыбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Ильяс Өсеровпен және Мақсат Қиқымовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.Қазыбаев ЖҚО-ның қызметімен таныстырды және «Алматы – жасыл қала» бірлескен жобалау кеңсесін құру аясында жасыл және әлеуметтік инвестициялар ағыны құру арқылы өңірдегі инвестициялар көлемін ұлғайту үшін Алматы қаласы әкімдігімен ынтымақтасуды ұсынды.

Осы жобалау кеңсенің негізгі міндеттері Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған орнықты даму тұжырымдамасының жобасын әзірлеу, АХҚО биржалық платформасында кем дегенде екі жасыл және/немесе әлеуметтік облигацияларды орналастыру, сондай-ақ 50 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестицияларды тарту болады. Әкімнің орынбасарлары бұл бастаманы қолдап, Орталыққа жобалау кеңсесін үйлестіру үшін халықаралық сарапшыны беруді ұсынды. ЖҚО Бас директоры Ernst and Young басшысының Орталық, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Орталық Азия жөніндегі орынбасары Виктор Коваленко ынтымақтастық аясында халықаралық сарапшы ұсынуға дайын екенін растағанын атап өтті. Айдар Қазыбаев сонымен қатар ЖҚО мен Ernst and Young Алматы қаласының әкімдігімен жұмыс істеу үшін үйлесімді  топ бола алатындығын баса айтты.

 

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.

aifc.kz


 

AIFC AI assistant