АХҚО Жасыл қаржы орталығының және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) және Экономикалық зерттеулер институты (бұдан әрі – Институт) өкілдері жасыл қаржы саласында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

  Меморандумның шарттары жасыл және орнықты қаржыландыру саясатын әзірлеу мен өткізу бойынша бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырудағы одан әрі ынтымақтастықты көздейді. Сондай-ақ Меморандум жасыл қаржыландыру мен орнықты дамуға қатысты хабардарлықты және жалпысалалық түсінушілікті арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүргізу туралы уағдаласушылықты қамтиды.

Миссияларының бірі саясатты әзірлеу процесінде орнықты экономикалық өсудің аспектілерін ілгерілету болып табылатын Институт Орталықтың қызметін дамытуда, атап айтқанда, жаңа бағыт – әлеуметтік және орнықты қаржыны құру мен нығайтуда серіктесі болады. Институт сонымен қатар Орталыққа экономика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердегі тәжірибесін қолдана отырып, жасыл қалалардың рейтингін қалыптастыру әдістемесін әзірлеуге жәрдемдесетін болады.

Қол қойылған Меморандум Тараптарға жасыл және әлеуметтік қаржыландыру нарығын дамыту бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға, бағдарламалық құжаттар мен Қазақстандағы және өңірдегі орнықты қаржы саласындағы реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

Экономикалық зерттеулер институты – бұл Қазақстан экономикасының кешенді даму мәселелерін зерттейтін мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Институттың қызметі елдің экономикалық стратегиясын іске асыруды ғылыми қамтамасыз етуге, экономиканың жай-күйін талдауға және оның келешектегі дамуын болжауға, орнықты экономикалық өсуге ықпал етуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған. http://economy.kz/en/

AIFC AI assistant