АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Linkage & Mind» заң фирмасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) қазақстандық «Linkage & Mind» заң фирмасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде заң қызметтерін көрсету саласындағы мақсаттарға қол жеткізу және бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастық орнатылды.

Меморандум заң қызметтерін көрсету бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ экологиялық заңнаманы дамыту мәселелері бойынша өңірлік және халықаралық деңгейде тараптарды өзара ілгерілетуді көздейді.

2020 жылдың желтоқсанында АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Орталыққа заң қызметтерін көрсетуге, атап айтқанда экологиялық заңнаманы қоса алғанда, заңның әр түрлі мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар, түсініктемелер мен қортындылар ұсынуға лицензия берді.

Қол қойылған Меморандум Тараптарға заң қызметтерін дамыту бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексінің нормаларын қолдану жөніндегі өзекті мәселелерді қарап, шешуге мүмкіндік береді.

 

 

 Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

AIFC AI assistant