АХҚО Жасыл қаржы орталығы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе шақырылған сарапшы, Anglo Eurasia президенті Рэй Леонардпен семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде АХҚО Жасыл қаржы орталығы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе шақырылған сарапшы Рэй Леонардпен семинар өткізді.

Мұнай және газ саласындағы Anglo Eurasia консалтингтік компаниясының президенті Рэй Леонард энергетика секторындағы озық технологияларды қолдану арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.

Осылайша, Digital Stream Energy Inc. ұсынып отырған бастама парниктік газдар шығарындыларын кен орындарында алау газын электр қуатына түрлендіріп, пайдалану арқылы азайтуға бағытталған, ол энергияны қажет ететін компьютерлік процессорларды қуаттандыру үшін пайдаланылады, нәтижесінде цифрлық энергия жерсеріктен әрі қарай коммерциялық пайдалану үшін жіберіледі.

Екінші бастама көмір электр стансаларында көмірді жағу нәтижесіндегі парниктік газдардың шығарындыларын құрамдас цикл және көміртекті тұту мен сақтау стансасының технологияларын бейімдеу арқылы азайтуға бағытталған.

Energy Bridge Partners LLC компаниясы ұсынған тағы бір бастама өнімді бөлу туралы келісімнен алынған қаржыландыруды пайдаланудың инновациялық және патенттелген тәсілін жасыл энергетика жобаларын іске асыру кезінде кепілдік ретінде қолдануға бағытталған.

Таныстырылым барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі халықаралық сарапшы Рей Леонардтың Қазақстанның даму және жасыл экономикаға өту мақсаттарына сәйкес келетін және ел үшін көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу аясында маңызды бастамаларын жүзеге асыруға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Бұл бастамаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстар және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері де қолдады. Вебинардың қорытындылары бойынша бастамаларды әрі қарай қазақстандық тараппен бірге жүзеге асыру қажеттілігі анықталады.

Анықтамалық ақпарат

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.

aifc.kz

 

Рэй Леонард геология магистрі дәрежесіне ие, Amoco, FIOC, ресейлік Юкос мұнай компаниясы, венгриялық MOL ұлттық мұнай компаниясы, Кувейт энергетикалық компаниясы сияқты компанияларда басшылық қызметтер атқарған және жақында мұнай және газды барлаумен айналысатын Hyperdynamics компаниясының басшысы болған.

 

 

 

AIFC AI assistant