АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Еуразиялық даму банкі және Қызылорда облысының әкімдігі Өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – ЖҚО), Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі – ЕАДБ) және Нұр-Сұлтан қаласының бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің өкілдері Қызылорда қаласына сапармен келді. Бүгінде Қызылорда облысының елімізді орнықты дамыту үшін зор әлеуетіне ие, облыс белсенді дамып келе жатқан бес өңірдің тізіміне кіреді.

Алайда, өңірде экологиялық сипаттағы проблемалар бар. Осылайша, осы сапар аясында ЖҚО, ЕАДБ және Қызылорда облысының әкімдігі жасыл қаржы саласындағы серіктестік мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойды.

Осы Меморандум Қызылорда облысы мен Арал теңізі өңірінің экология және әлеуметтік саладағы инвестициялық жобаларды іске асыруда Қызылорда облысының әкімдігіне жәрдемдесу мақсатындағы үшжақты ынтымақтастықты көздейді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіхалықовамен кездесу барысында өңірдегі жасыл және әлеуметтік инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсету, сондай-ақ Аралды құтқару халықаралық қорына Арал өңірінде экологиялық жобаларды іске асыруға борыштық қаржыландыруды тартуға жәрдемдесу жолдары үшін Қызылорда облысы әкімдігі жанынан АХҚО Жасыл қаржы орталығының жобалық кеңсесін ашу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, ЖҚО Бас директоры Айдар Қазыбаев АХҚО-ның бизнес үшін ұсынатын мүмкіндіктермен таныстыру және өңірдің жоғарыда аталған жобаларын іске асыруға белсенді тарту мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ және Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы басшыларымен, сондай-ақ Қызылорда облысының бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесулер өткізді.

           Анықтамалық ақпарат

 

          «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

            АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.

aifc.kz

 

 

AIFC AI assistant