АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің құрамы жаңартылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО, Орталық) басқару жөніндегі кеңестің құрамы жаңартылды.

АХҚО-ны Басқару жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасы Президенті басқаратын тұрақты әрекет ететін алқалық орган, АХҚО-ның жоғарғы басшылық органы. Кеңес АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайды және АХҚО-ны жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптастыруға арналған қолайлы жағдайларды дамытуға ықпал етеді. Кеңестің өкілеттлігіне АХҚО актілерін қабылдау, орталық органдарының құрылымын айқындау, АХҚО Сотының құрамын және Халықаралық төрелік орталығын қалыптастыру негіздерін және орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекіту кіреді.

Жаңартылған құрамға Citi-дің мемлекеттік сектор клиенттерімен жұмыс жөніндегі жаһандық басшысы Стефани фон Фридебург кірді. Ол бұған дейін Citigroup-тың үкіметтер және мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық бағытын басқарған Джули Монаконың орнына келді.

АХҚОны басқару жөніндегі кеңестің құрамы:

— Қазақстан Республикасының Президенті, Кеңес төрағасы;

— Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Кеңес төрағасының орынбасары.

Кеңестің мүшелері:

— Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

— Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы;

— Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;

— «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы;

— АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) Директорлар кеңесінің төрағасы;

— АХҚО биржасы (Astana International Exchange) Директорлар кеңесінің төрағасы;

— Стефани фон Фридебург, Citi-дің мемлекеттік сектор клиенттерімен жұмыс жөніндегі жаһандық басшысы;

— Абдулхамид Мохаммед Саид Алахмади, Mubadala инвестициялық компаниясының, Abu Dhabi Developmental Holding Company PJSC (ADQ) және Emirates Red Crescent Директорлар кеңесінің мүшесі.

Анықтама үшін:

Стефани фон Фридебург

Стефани фон Фридебург — Citi ұйымының мемлекеттік сектор клиенттерімен жұмыс жөніндегі жаһандық басшысы.

Оның халықаралық қаржы, инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық банкинг және мемлекеттік сектормен жұмыс салаларында 30 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. 2023–2025 жылдары Citi ұйымында DFI Strategic Partnerships бағытын басқарып, даму институттарымен серіктестікті дамытуға, клиенттердің ұлттық бағдарламалары мен инфрақұрылымдық жобаларын қолдауға жауапты болды.

2015–2022 жылдары Дүниежүзілік банк тобының жоғары басшылығында қызмет атқарып, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) операциялық бас директоры лауазымын атқарды. 2000–2010 жылдары IFC-де коммерциялық және инвестициялық банкинг, венчурлік инвестициялар және private equity бағыттарында басшылық қызметтер атқарды. 1990 жылдары еңбек жолын Дүниежүзілік банк пен IFC-де бастады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе.aifc.kz

АХҚО-ның баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева
Баспасөз хатшысы
e-mail: [email protected]

AIFC Services Assistant