АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Unicase» заң фирмасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2020 жылдың желтоқсанында АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінен заң қызметтерін көрсетуге, атап айтқанда ауызша және жазбаша консультациялар, әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде экологиялық құқыққа қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер мен қорытындылар беруге лицензия алды.

Бұл лицензия Орталыққа АХҚО-ның әлеуетті және қолданыстағы қатысушыларына Орталықтың серіктестерінен, экологиялық құқық саласындағы Қазақстанның үздік заңгерлік және консалтингтік компанияларының заңгерлерінен заң көмегін алуға көмектесуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Орталықтың экологиялық құқық саласындағы заң хабы ретіндегі жұмысының алғашқы кезеңі ретінде 2021 жылғы 29 сәуірде Орталық пен «Unicase» заң фирмасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум заң қызметтерін көрсету бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ экологиялық заңнаманы дамыту мәселелері бойынша өңірлік және халықаралық деңгейлерде Тараптарды өзара ілгерілетуді көздейді.  

Сонымен қатар, Меморандум Тараптарға заң қызметтерін дамыту бойынша бірлескен қызметті жүргізуге, сондай-ақ Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексінің нормаларын қолдану бойынша өзекті мәселелерді қарауға және шешуге мүмкіндік береді.

 

Анықтамалық ақпарат

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы – бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржының дамуына жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Басты мақсаты – тұрақты экономикаға инвестицияларды жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тарту. Одан басқа, АХҚО Жасыл қаржы орталығы өңірлік талдама орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және орнықты даму салаларында стратегиялық және бизнес-консультациялар ұсынады. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторларға және нарық ойыншыларына АХҚО Биржасында жасыл облигациялар шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

Unicase заң фирмасы экологиялық құқық, энергетика, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне мамандандырылған, Алматы мен Ташкентте кеңселері бар Орталық Азиядағы жетекші заң фирмаларының бірі болып табылады. Ұзақ жылдар бойы Unicase қызметтерінің жоғары сапасы мен сарапшыларының тәжірибесі Chambers & Partners, The Legal 500, IFLR100 және AsiaLaw Profiles сияқты халықаралық заң агенттіктері мойындады. 2021 жылғы Legal 500 рейтингі бойынша Unicase заң фирмасы энергетика және табиғи ресурстар саласындағы өз позициясын 1 деңгейде сақтай отырып, Қазақстанның жетекші заң фирмаларының бірі ретінде танылды.

 

AIFC AI assistant