АХҚО жасыл қаржы орталығы Қызылорда қаласында жасыл қаржыландыру Жобалық Кеңсесін іске қосты

АХҚО жасыл қаржы орталығы “Байқоңыр” ӘКК” АҚ алаңында жасыл қаржыландырудың пилоттық өңірлік жобалық кеңсесін (бұдан әрі-Жобалық кеңсе) іске қосты.

Осы Жобалық кеңсені құру мақсаты “Астана” Халықаралық қаржы орталығының алаңында іске асырылатын жасыл және әлеуметтік облигациялар, сондай-ақ тұрақты даму облигациялары сияқты тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізу арқылы Қызылорда облысының жасыл және әлеуметтік инвестициялық жобаларын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Жобалық кеңсе өңірдің әлеуетті жасыл және әлеуметтік инвестициялық жобаларын іздеу мен іріктеуді, іріктелген инвестициялық жобаларды жинақтауды жүзеге асырады, сондай-ақ қаржыландыруды алу кезеңіне дейін толық сүйемелдейді.

АХҚО жасыл қаржы орталығының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Манас Гиждуаниев Қызылорда қаласына жұмыс сапары аясында “Байқоңыр” ӘКК” АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Нұрланбаевпен Жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді, атап айтқанда, команданы тарту және есептіліктің аралық мерзімін талқылады

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы осы шарамен Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін қамтуды жоспарлап отыр, сол арқылы ESG-құралдар нарығын дамыта отырып, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-маңызды жобаларына қажетті инвестицияларды тартуға жәрдем көрсетеді.

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО мақсаты өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей,”АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және “цифрлық қаржы орталығын” дамытуды қамтиды.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

“Байқоңыр” ӘКК” АҚ Қызылорда облысы бойынша Өңірлік даму институты болып табылады, оның жалғыз акционері Қызылорда облысының Әкімдігі болып табылады. “Байқоңыр “ӘКК” АҚ – ның қызметі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Қызылорда өңірін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

 

AIFC AI assistant