ЕАЭО елдерімен өзара ынтымақтастық Кеңсесінің қолдауымен АХҚО алаңында Еуразиялық зергерлік экспорттық бюросы тіркелді

2021 жылғы 1 шілдеде J-1 Kazakhstan халықаралық зергерлік көрме-конгресі шеңберінде Еуразиялық зергерлік экспорттық бюроның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

АХҚО жасыл қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, АХҚО-да бюро құруға және тіркеуге байланысты құжаттарды келісу бойынша ЕАЭО елдерімен белсенді жұмыс жүргізді.

Жаңа ұйым ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің зергерлік өнімдерін ілгерілету және үшінші елдердің нарықтарына экспорттың тиімділігін арттыру есебінен Одақтың зергерлік саласын жаһандық нарықта позициялауды өзінің мақсаты етіп қояды. Сондай-ақ кадрлар даярлау, зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен сатушыларды ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу және инвесторларды іздеу міндеттері де бар.

Салтанатты рәсім барысында АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің бас директоры Мұхтар Бубеев Қазақстан зергерлері лигасының төрағасы Қайсар Жұмағалиевке бюроның АХҚО-да тіркелгені туралы сертификатты табыс етті.

АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов Бюро қатысушыларын құттықтай отырып, АХҚО-да жасалған тартымды жағдайлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары тарапынан қолдау табылып отырғанын атап өтіп, зергерлік істің креативті экономиканы дамытудағы рөлін атап өтті.

«Бюроның барлық негізгі міндеттерін келісу, оларды елдердің зергерлік саланың алдына қойған мақсаттарымен байланыстыру және тұжырымдама жобасын келісу үшін бір жарым жыл қажет болды. Бұл зергерлік салаға қатысушылар мен барлық Тараптар мемлекеттерінің арасындағы консенсусты табудағы алғашқы маңызды қадам», – деп мәлімдеді ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Геннадиевич Кушнарев, өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министр) Артак Каджикович Камалянның атынан бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, сондай-ақ бюроны құруда АХҚО Жасыл қаржы орталығының баға жетпес қолдауын атап өтті.

Қазір ЕАЭО елдерінің зергерлік бұйымдар мен алмаздардың әлемдік нарығындағы үлесі 1%-дан кем. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев бірлескен жұмыс нәтижелілікті арттыруға алып келетініне назар аударды. «Біз нарыққа жеке-жеке шыққан кезде маркетинг, логистикалық тізбектер мен тарату тізбектерін құру үлкен құрамдас бөлікті алады. Мұның бәрін бірлескен күш-жігермен жеңуге болады. Біз бірге болған кезде елдердің әрқайсысы әлемдік нарыққа бұдан да көп жеткізе алады», – деп атап өтті вице-министр.

Спикерлердің пікірінше, Бюро айтарлықтай әлеуетке ие, оның жұмыс істеуі Еуразиялық зергерлік саланың құзыреттілігін арттыруға, өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға алып келеді. «Атқарылар жұмыс көп. Мақсат айқын. Бюро – тәжірибе алмасу, ынтымақтастық, әр елдің рөлін анықтау алаңы. Мен қосылғандардың барлығын барынша ынтымақтасуға шақырамын», – деді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қарабаев.

Анықтама: жақында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы бұрын қол қойылған Келісім күшіне енді. Еуразиялық зергерлік экспорттық бюро 2021 жылдың 30 маусымында ресми түрде тіркелді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

 

AIFC AI assistant