ЕАДБ АХҚО Жасыл қаржы орталығымен бірлесіп Қазақстанда жасыл және әлеуметтік жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмысты күшейтеді

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығымен (AIFC Green Finance Centre) бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы жасыл және әлеуметтік жобаларды дайындау және іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысты күшейтеді. Бұл туралы келісімге бүгін қол қойылды.

AIFC Green Finance Centre ЕАДБ-ға жасыл және әлеуметтік жобаларды іздеуде, Банктің оларды қаржыландыру мүмкіндігін қарауы үшін қажетті құжаттаманы дайындауда, сондай-ақ тәуелсіз компаниялардың жобалардың жасыл қаржыландыру қағидаттарына  сәйкестігі туралы қорытындылар (Second Party Opinion) беруді ұйымдастыруда жәрдем көрсетеді.

2020 жылы ЕАДБ мен АХҚО Әкімшілігі AIFC Green Finance Centre акционерлері болды. Банк кеңесі бекіткен ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес ЕАДБ көпжақты даму банкі (КДБ) ретінде жасыл қаржыландыру саласында өзінің қатысуын кеңейтетін болады. КДБ практикасына сәйкес жасыл қаржыландыруды дамыту стратегияларын іске асыру шеңберінде Банк жасыл облигациялар нарығында белсенді қарыз алуды жүзеге асыруды, гранттық қорландыруды тартуды, “аралас” қаржыландыруды ұсынуды, инновациялық технологиялар трансфертіне жәрдемдесуді, тиісті реттеушілік саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуге жәрдемдесуді жоспарлап отыр.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) — еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ 15 жылдан бері Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің экономикалық байланыстарын нығайту мен кеңейтуге және жан-жақты дамуына ықпал етіп келеді. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар алады. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасыменБес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамҰлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚОның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтидыwww.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant