Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстанда көміртек саудасын дамыту мәселесін талқылауды бастады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аясында Астана халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі- Орталық) алаңында 2021 жылы 25 және 27 тамызда экономиканың көміртексіздендіру стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда көміртек саудасын дамыту бойынша екі модульдік вебинар өткізілді.

Эмиссиялық сауданы дамыту нарығында белсенді қатысушылар өз тәжірибесімен бөліскен вебинарды елдегі және аймақтағы саланы дамытудың келесі қадамдарын талқылауда сараптамалық ынтымақтастықты арттыру үшін өткізді.

Атап айтқанда, семинар келесі 2 тақырыпқа арналды: «Көміртек сауда жүйесінің даму келешегі» және «Офсет саясаты және көміртегі нарығының дамуындағы мониторинг, есеп беру мен тексерудің рөлі».

Семинарға қатысушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Каспий биржасы, АХҚО, Дүниежүзілік банк, эмиссияларды тексеруші компаниялар, бизнес -қауымдастықтардың өкілдері, сектордағы компаниялар мен сарапшылар, нарықтың қалай дамыту жолдарын түсіну үшін көптеген мәселелерді талқылады: шығарындыларды есепке алу жүйесінің сипаттамасы, жүйені реттеу, тексеру, ақпаратты ашу, парник газдар шығарындыларын сату жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары реттеу, тарихи ақпарат және зерттеулер жүргізілді.

Атап айтқанда, вебинар барысында АХҚО өз алаңында көміртегі бірліктері мен олардың туындыларын сату және АХҚО заңы негізінде келісімшарттар жасау мүмкіндігін зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстар жарияланды. Талқылауда эмиссиялық сауда -саттықты дамытудағы әр түрлі агенттердің рөлі, халықаралық тәжірибені ескере отырып, KazETS-ті Еуропалық  ЕТS-пен байланыстыру мүмкіндігі, сондай-ақ биржалық сауданың бастапқы және қайталама нарығының мәселелері мен келешек көрінісі қозғалды.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚОның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтидыwww.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant