Қазақстанда алғашқы жасыл несие АХҚО Жасыл қаржы орталығының толық сүйемелдеуімен мақұлданды
Еуразиялық Даму Банкі мен “Батыс транзит” АҚ 3,6 млрд теңге сомасына кредиттік шартқа қол қойды.
Нұр-сұлтан қ., 2021 жылғы 20 қыркүйек. Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) мен “Батыс транзит” АҚ “Атырау қаласында көшені жарықтандыру желілерін салу және пайдалану” қаржыландыру үшін кредиттік шартқа қол қойды. Бұл Атырау облысындағы көшелер мен жолдарды жарықтандыру бойынша МЖС жалпы жобасының 4-ші кезеңі. Жаңа учаскенің ұзындығы – 148 525 метр. Жобаның құны 4,6 млрд теңгені құрайды.
Жобаның 2-ші және 3-ші кезеңдері ЕАДБ қаржыландыруымен жүзеге асырылды. 2021 жылдың қыркүйек айында “Атырау қаласында көшені жарықтандыру желілерінің құрылысы” жобасы үшін ЕАДБ Environmental Finance’s 2021 IMPACT Awards беделді халықаралық сыйлығының “Энергетика” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (Банктің және “АХҚО Әкімшілігі” АҚ-ның еншілес ұйымы) жобаға сүйемелдеу көрсетіп, “Батыс транзит” АҚ-ның ішкі құжаттарын, оның ішінде “жасыл” қаржыландыру саласындағы саясатты әзірледі. “Green Investment Group Kazakhstan” консалтингтік агенттігі әзірлеген сыртқы шолуға сәйкес қарыз алушының көрсетілген саясаты LMA (Loan Market Association) және LSTA (Loan Syndications and Trading Association) “жасыл” кредит беру қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Жобаның әрбір кезеңін іске асыру ЖКО санын (2-ші және 3-ші кезең қорытындысы бойынша – 44% – ға), қылмыстардың үлес салмағын (2-ші және 3-ші кезеңдердің қорытындылары бойынша – 0,5%-ға), көше жарықтандыру желілерінің энергия тұтыну шығындарын (2-ші және 3-ші кезеңдердің қорытындылары бойынша – 80%-ға), қызмет көрсетуге арналған шығыстарды (2-ші және 3-ші кезеңдердің қорытындылары бойынша – 36%-ға), СО2 шығарындыларын (2-ші және 3-ші кезеңдердің қорытындылары бойынша – жылына 0,6828 тоннаға) төмендетуге мүмкіндік береді.
“Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін қолдана отырып, Банк үшін басым сектор – энергетикада іске асырылуда. Қарыз алушының МЖС жобалары Қазақстан Республикасының Атырау облысын дамыту үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық әсерлерге ие, сондай–ақ өңірдегі экологиялық жағдайға оң әсер етеді, бұл тәуелсіз консультанттың есебімен және экология саласындағы беделді халықаралық сыйлықты алумен расталады”, – деп атап өтті ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.
Анықтамалық ақпарат:
Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) — еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ 15 жылдан бері экономикалық байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге және қатысушы елдердің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның жан-жақты дамуына ықпал етіп келеді. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар алады. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.
“Батыс транзит” АҚ — “Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісін салу” жобасын іске асыру мақсатында 2005 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысына сәйкес құрылды. “Батыс транзит” АҚ акционерлері “KEGOC” АҚ және “Мехэнергострой” ЖШС болып табылады.
Эмитент туралы толығырақ ақпарат — сайтта http://bttr.kz/
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.