Көміртекті бейтараптық – Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуының күн тәртібіндегі басты тақырып

АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТҚ аясында өтіп жатқан “Өңірлік ынтымақтастық және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін бірлескен іс-қимылдар қағидаттары” тақырыбына арналған бірінші Орталық Азия Форумына қатысты.

Форумды өткізудің негізгі мақсаты көміртегі бейтараптылығын ілгерілету мәселесінде мемлекетаралық диалогты және ілеспе тәжірибені кеңейту есебінен Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту болып табылады. Ашылу салтанатына «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТҚ Президиумының төрағасы А. Н. Назарбаева, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрі С. А. Брекешев, Түркістан облысының әкімі Ө.Е. Шөкеев қатысты. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар-Германияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Моника Иверсен және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт Форумның ашылуына қатысты.

Форумның бірінші күні Орталық Азия елдерінің қоғамдық ұйымдарының көміртегі бейтараптылығын ілгерілетудегі ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Көміртегі бейтараптылығы Декларациясына қол қоюымен ерекшеленді. Декларацияға қол қою нөлдік шығарындылар саясатын ұстанудың жалпы идеологиясымен мемлекеттік органдарды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қаржы институттарын қоса алғанда, экологиялық қоғамдастықтың әртүрлі өкілдерін біріктіреді.

{img}

Декларацияға салтанатты қол қойылғаннан кейін Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері төмен көміртекті даму саясатын іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, Форумның бірінші пленарлық пікірталасында осы саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

“Төмен көміртекті даму стратегияларын модельдеу және оларды іске асыру үшін пайдаланылатын тетіктер” сессиясы парниктік газдар шығарындыларын азайту тетіктерін қолдану мүмкіндігі тұрғысынан Орталық Азия елдерінде төмен көміртекті даму саясатын іске асырудың тиімділігін талқылауға арналды. Сонымен қатар, сессия қатысушылары жасыл технологияларға инвестиция салу құралы ретінде жасыл қаржы жүйесін және ең озық қолжетімді технологияларды енгізу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Кеңесшісі Әсел Нұрахметова осы сессия шеңберінде орнықты дамуды қаржыландыру нарығындағы орталықтың тәжірибесімен бөлісті: «АХҚО Жасыл қаржы орталығы климаттық қаржыландыру тетіктерін Қазақстанда енгізді және бұл сала бойынша дамытуды жалғастыруда, сондай-ақ төмен көміртекті дамуға көшу бойынша бизнес және қаржы институттары үшін шешімдер ұсынады. Жасыл инвестициялаудың халықаралық қағидаттарын қолдану және ESG-саясатын енгізу маңызды қадам болмақ». Әсел Нұрахметова сондай-ақ Форумға қатысушылардың назарын Жасыл қаржы орталықтың Орталық Азия елдерімен әлеуетті ынтымақтастығының ықтимал аспектілеріне аударды.

{img}

Келесі сессияларда экономиканың энергетикалық және өнеркәсіптік секторларын декарбонизациялау мәселелері көтерілді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы төмен көміртекті даму перспективалары бағаланды. Форумға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін бағалады және Париж келісімінің шарттарын орындау бойынша Орталық Азия елдері алған міндеттемелер аясында оның өзектілігін атап өтті.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant