АХҚО Жасыл қаржы орталығы “2021 жылғы Дүниежүзілік инвесторлар аптасы” шеңберінде “Белдеу және Жол үшін жасыл инвестициялар қағидаттарына” арналған сессия өткізді

6 қазанда АХҚО Жасыл қаржы орталығында (бұдан әрі – Орталық) “2021 жылғы Дүниежүзілік инвесторлар аптасы” шеңберінде “Белдеу мен Жол үшін жасыл инвестициялар қағидаттарына” (бұдан әрі-Қағидаттар, GIP) арналған виртуалды сессия өтті. Талқылау GIP Хатшылығында құрылған 4 Жұмыс тобының айналасында болды, олар қоршаған орта туралы ақпаратты ашу, климаттық тәуекелдерді бағалау құралдары, жасыл қаржыландыру өнімдеріндегі инновациялар және жасыл жобалардың иелеріне арналған құралдар бойынша жұмыс істейді.

Орталық Бейжің қаржы және тұрақты даму институтымен (IFS) іс жүзінде құрылған сәттен бастап тығыз байланыста, Қазақстанда саясат үшін жасыл қаржыландырудың үздік тәжірибелерін қолдануды қамтамасыз етеді. Осы жылы Жасыл қаржы орталығы Орталық Азиядағы аймақтық принциптер кеңсесіне айналды.

Орталық Азиядағы GIP өңірлік бөлімшесінің Төрағасы Ясин Анвар мемлекеттік саясат арқылы табысты өңірлік интеграцияның принциптермен үйлескен маңыздылығын атап өтті: “Тиімді іске асыру үшін Ұлттық қаржы реттеушілері мен нарықтың барлық қатысушыларының қатысуымен бүкіл қаржы жүйесін тұрақты дамуға сәйкес келтіру аса маңызды. Шын мәнінде, GIP қаржы секторының экологиялық таза жолға көшуін қолдауда маңызды рөл атқара алады”.

Қытайдағы PwC серіктесі У Цянь климаттық және экологиялық тәуекелдерді бағалау құралдарының негізін құрайтын механизмді түсіндірді, ал Refinitv-тің Даррент Хоукен тұрақты инвестициялар туралы мәліметтер базасы туралы айтты – ол GIP қол қоюшылары мен инвесторлар іздейтін тараптар үшін қол жетімді жаңа құрал.

Credit Agricole компаниясынаң Кармен Цанг: “Көміртегі ақпаратты ашу орталығы болғандықтан, біз қол қойған тараптарға шығарындыларды анықтауға және есептеуге көмектесу үшін ақпарат беруге тырысамыз” – деп атап өтті.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат  жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant