Жаңартылатын энергия көздері саласындағы компанияларды тіркеудегі АХҚО-ның артықшылықтары
2021 жылғы 13 қазанда Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев “Qazaq Green” Қауымдастығы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қапеновпен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар жасыл жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісті.
Қазақстан энергия өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 2023 жылдың өзінде-ақ 6% – ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2020 жылы ЖЭК саласында 25 жоба пайдалануға берілді, олардың жалпы қуаты шамамен 600 МВт құрады. Тартылған инвестициялар көлемі $510 млн-нан асты, алдағы төрт жыл ішінде жалпы қуаты 2400 МВт және инвестициялар көлемі $2,5 млрд-тан астам болатын ЖЭК- тің 60-тан астам жаңа жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.
Осылайша, ЖЭК саласын дамытуды қолдау аясында тараптар өз күштерін шоғырландыруға ниетті.
Жасыл қаржы орталығының ЖЭК жобалары бойынша жасыл облигациялар шығаруды сүйемелдеу тәжірибесі бар және жобалар бойынша жасыл және тұрақты қаржыландыруды тарту бойынша қажетті консультациялық қолдау көрсететін болады.
Өз кезегінде, “Qazaq Green” Қауымдастығының ЖЭК жобаларын Қазақстанда да, шетелде де іске асыруда, жалпы белгіленген қуаты 400 МВт-тан астам үлкен практикалық тәжірибесі бар және ЖЭК жобаларын “толық аяқталған” дайындау және іске асыру бойынша қызметтер көрсетуге, сондай-ақ ЖЭК іскерлік қоғамдастығы арасында Жасыл қаржы орталығының құралдары туралы ақпарат таратуға дайын.
Сонымен қатар, Қауымдастық Қазақстандағы көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге ықпал ететін жасыл жобаларды іске асыру бойынша Еуразиялық Экологиялық Қормен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.
“Qazaq Green” Қауымдастығы Қазақстанда “жасыл” экономиканы дамыту, саланы дамытуды қолдау және ЖЭК жобаларын табысты іске асыру мақсатында құрылған және инвесторларды, девелоперлерді, жабдық өндірушілерді, халықаралық қаржы институттары мен университеттерді біріктіреді. Қауымдастық ҚР Энергетика Министрлігінде, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінде, “Атамекен” ҚР ҰКП-да аккредиттелген және қазіргі уақытта Қазақстанда ЖЭК дамыту бойынша мемлекеттік органдар үшін де, бизнес-қоғамдастық үшін де негізгі сараптамалық орталықтардың бірі болып табылады. Қауымдастық QazaqGreen салалық журналын шығарады, Solar Fest Qazaqstan ЖЭК бойынша Халықаралық фестивалінің ұйымдастырушысы болып табылады, біздің елімізде “жасыл” энергетиканы дамытудың ең өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңдарын тұрақты түрде өткізеді.