АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі» тақырыбында вебинар өткізді

2021 жылдың 21 қазанында АХҚО Жасыл қаржы орталығы Haller Lomax заң фирмасымен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі: мемлекеттік экологиялық саясаттың басым принциптері; ілеспе заңнамадағы экология мәселелері бойынша жаңа талаптар» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың спикері ретінде Haller Lomax заң фирмасының Серіктесі, Арман Бигазин, қатысты. Арман үкіметке Қазақстан заңнамасын дамытуда белсенді түрде кеңес береді. Арман жұмыс тобының мүшесі бола отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін әзірлеуге қатысты.

{img}

Вебинарда Арман Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін әзірлеудің алғышарттарына, мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидаттарына тоқталды, сонымен қатар нормаларға салыстырмалы талдау жүргізді және заңнамадағы негізгі жаңалықтар туралы айттып берді.

Арман қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері, экологиялық рұқсаттар, экологиялық залал және осындай залал үшін жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі айтты.

Вебинардың жазбасын мұнда қарауға болады. (Кіру коды: ^#2gPTWU).

АХҚО Жасыл қаржы орталығы жұртшылық үшін оқытушы вебинарларын ұйымдастыруға мүдделі және жасыл қаржыландыру саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша жұмысын жалғастырады.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

 

AIFC AI assistant