«Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арасында бірінші болып «Kaz Green Energy» ЖШС-мен “жасыл” несие шартына қол қойды
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 19 Қараша. Halyk Bank (“Қазақстан Халық жинақ банкі” АҚ) Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің арасында бірінші болып Қарағанды облысында, Жезқазған қаласында, Кеңгір а.о. қуаты 5 МВт биоэлектр станциясын салу бойынша АХҚО Жасыл қаржы орталығы – үшінші тарап (Third – Party Opinion) верификациялаған «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-мен “жасыл” кредитті қаржыландырды.
“Жасыл өсім” тұжырымдамасы көптеген елдер мен Қазақстан үшін экономикалық саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Halyk тобы ауқымында банк және еншілес ұйымдар жасыл экономикаға байланысты клиенттер мен серіктестердің жобаларын белсенді түрде алға жылжытады және қолдайды. Қазақстанда алғаш рет “жасыл” жоба Third-Party Opinion форматында тәуелсіз баға алғаны өте маңызды. Halyk тобының жаңа Даму стратегиясы аясында біз банктің ESG жүйесі шеңберінде негізгі міндеттерді орындауға сәйкес келетін жобаларды дамытуға және бейінді қаржы өнімдерін жасауға одан әрі де ерекше назар аударуға ниеттіміз“, – деп атап өтті Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Жоба халықтың қатты-тұрмыстық қалдықтарын (бұдан әрі – ҚТҚ) (ең алдымен биомассаны) қабылдау және қайта өңдеу және оларды электр энергиясына айналдыру жөніндегі кешенді құруды көздейді. Электр станциясының құрылысы кейіннен электр энергиясын өндіретін негізгі өнім – биогаз ала отырып, пиролизді термохимиялық жүйенің көмегімен ҚТҚ өңдеудің бірегей инновациялық технологиясын пайдалануға негізделген.
{img}
«Kazakhmys Holding» отын-энергетикалық кешенінің құрамына кіретін «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС Halyk Bank-тен 7,9 млрд теңге сомасында “жасыл” кредит алды. АХҚО Жасыл қаржы орталығы Third-Party Opinion форматында сыртқы бағалауды әзірледі, оған сәйкес «KAZ GREEN ENERGY» ішкі құжаттары, “жасыл” қаржыландыру саласындағы саясатты қоса алғанда, LMA (Loan Market Principles) және LSTA (Loan Syndications and Trading Association) “жасыл” кредит беру қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Осы “жасыл” кредитті Environmental Finance халықаралық талдау платформасының дерекқорына қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.
***
BloombergNEF зерттеу қызметінің мәліметінше, 2020 жылы Тұрақты даму мақсаттарына тартылған қарыз көлемі 732,1 млрд долларды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 29% – ға көп. Алайда, бонд нарығымен қатар, жасыл несие нарығы да қарқынды дамып келеді, ол өткен жылғы өсімнің 80,3 миллиард долларын құрады.
Жасыл кредит беру нарығының сапалы өсуін қалыптастыру мақсатында 2018 жылы Еуропалық кредит беру нарығының 700-ден астам қатысушысын біріктіретін кредит нарығының қауымдастығы жасыл кредиттер қағидаттарын әзірледі. Осы қағидаттарға сәйкес кредит беру шартында тартылған қаражат экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатыны, ал қарыз алушы Жобаның жасыл жобалар санатына жататынын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Мұндай несиелерді есепке алу қаражат басқа мақсаттарға кетпеуі үшін басқа қарыздардан бөлінеді. Сонымен қатар, қарыз алушы несие берушілерге пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты үнемі ашып отыруы керек.
Анықтамалық ақпарат:
Қазақстан Халық банкі (Халық Банк) – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Астанада 2019 жылғы қазаннан бастап халықаралық алмасу листингі бар.
2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 11 002,4 млрд теңге мөлшеріндегі активтері бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 592 филиалы мен бөлімшелері бар. Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанда да жұмыс істейді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
Тел.+7 727 330 17 19, | [email protected] | www.halykbank.kz
“KAZ GREEN ENERGY” ЖШС – “Қазақмыс Холдинг” отын-энергетикалық кешенінің құрамына кіреді, қызметінің негізгі бағыты 2014 жылы құрылған жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру болып табылады. Стратегиялық жоспарға сәйкес жиынтық қуаты 350 МВт жасыл энергетика объектілерін салу көзделген. Қазақмыс тобының алғашқы жүзеге асырылған жобасы Кеңгір күн электр станциясының қуаттылығы 10 МВт.
“KAZ GREEN ENERGY” ЖШС
Тел. + 7 7212 559939 | [email protected]
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды.
Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады” .www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz