AIFC Green Finance Awards “Узпромстройбанк” АКБ-ке табысталды
18-19 қарашада “Узпромстройбанк” АКБ 2020 жылдың қорытындысы бойынша “Үздік жасыл банк” санатындағы AIFC Green Finance Awards сыйлығы АХҚО Жасыл қаржы орталығының стратегия жөніндегі Басқарушы директоры Айгүл Құсалиеваның сапары шеңберінде табысталды.
“Узпромстройбанк” АКБ Өзбекстанның ең ірі банктерінің бірі болып табылады және корпоративтік сектор мен ШОБ үшін жасыл кредиттерді, сондай-ақ жасыл ипотеканы қоса алғанда, жасыл қаржы өнімдерінің желісіне ие. 2020 жылы банк экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесінің саясаты мен рәсімдерін қабылдады, яғни банктің барлық жобалары қаржыландыру кезеңіне дейін тиісті бағалаудан өтеді.
Шухрат Якубов, “Узпромстройбанк” АКБ Басқарма Төрағасының Орынбасары-Басқарма мүшесі: “Біз сыйлықтың Номинациялық Комитетіне, сондай-ақ АХҚО Жасыл қаржы орталығына біздің жұмысымызды танығаны үшін алғысымызды білдіреміз. Біз серіктестерімізге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Біз аймақтағы жасыл қаржы нарығын дамыту үшін өз тәжірибемізбен бөлісуге және ынтымақтасуға дайынбыз”.
“Узпромстройбанк” АКБ қаржы институтын жасыл банкке айналдырудың жарқын мысалы болып табылады және біз бұл кейсті Орталық Азиядағы басқа институттар үшін үлгі ретінде ілгерілетуге қуаныштымыз”, – деп атап өтті АХҚО Жасыл қаржы орталығының стратегия жөніндегі Басқарушы директоры Айгүл Құсалиева.
Кездесу барысында тараптар тұрақты қаржы нарығындағы ағымдағы трендтер туралы пікір алмасып, Белдеу және Жол (GIP) үшін жасыл инвестициялар Қағидаттарының өңірлік бастамасын қоса алғанда, ынтымақтастықтың одан арғы бағыттарын талқылады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды.
Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады” .www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz