Жасыл қаржы орталығы Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге қатысады

2022 жылдың жазында Қазақстан экономикалық зерттеулер институты (ERI) тұлғасында орнықты даму бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумда
БҰҰ-ның тұрақты дамуының бес басым мақсатын іске асыруға қатысты екінші Ерікті Ұлттық шолуды (ЕҰШ) таныстыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, 16 ақпанда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, сондай-ақ “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ қамқорлығымен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының, бизнес-қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ғылыми сарапшылардың қатысуымен түп жобасын алғашқы талқылау басталды.

Екінші ЕҰШ жобаны таныстыру барысында, ТДМ Хатшылықтың директорының орынбасары, Ерікті ұлттық шолудың алдыңғы шығарылымында тұрақты даму мақсаттары мен ел алдына қойылған міндеттерді іске асырудағы ілгерілеу туралы айтып берді.

Өз кезегінде АХҚО Жасыл қаржы орталығының өкілі – интеграцияны дамыту департаментінің Директоры Саадат Асансеитова отырысқа қатыса отырып, ТДМ 17 мақсатының 7-уі экологияға және жалпы климат мәселелеріне тікелей байланысты болғандықтан, жасыл қаржыландырудың жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыру құралы ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Жасыл қаржы орталығы өз тарапынан осы құралдарды Еуразиялық өңірдің барлық кеңістігінде белсенді түрде ілгерілетуде және қазірдің өзінде “жасыл” жобаларды дамыту үшін қолайлы орта орнатты. Сонымен қатар, ЖҚО өкілі шетелдік инвесторлардың өңірдегі “жасыл” қаржы тетіктеріне деген жоғары қызығушылығын, сондай-ақ АХҚО алаңы мен AIX Биржасының осы қаржыны тартудағы мүмкіндіктерін атап өтті.

Сонымен қатар, экологиялық және “жасыл” мәселелердің маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстанның Париж келісімін іске асыруының маңыздылығын Азаматтық альянс пен “Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы” өкілдері және отырысқа басқа да көптеген қатысушылар атап өтті.

Өз кезегінде, кеңес барысында қазақстандық қоғам үшін ең басым бес ТДМ мақсатын анықтау үшін онлайн дауыс беру өткізілді, олар жоғарыда айтылғандай ағымдағы жылдың жазында таныстырылатын болады.

ТДМ дауыс беру қорытындысы бойынша 13 “Климаттың өзгеруіне қарсы күрес” басқа мақсаттармен қатар 38,1% пайыздық арақатынаста айтарлықтай дауыс санын жинады. Сондай-ақ, дауыс беру көшбасшылары: ТДМ 4 “Сапалы білім” (56,1%), ТДМ 3 “Жақсы денсаулық және амандық” (49,6%), ТДМ 6 “Таза су және санитария” (49,6%), ТДМ 1 “Кедейлікті жою” (47,5%).

Талқылау қорытындысы бойынша Орталық Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп, “ЕҰШ” екінші жобасын толыққанды әрі жан-жақты дайындау үшін белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. 

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

 

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан экономикасының кешенді даму проблемаларын зерттейтін мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Институт қызметі елдің экономикалық стратегиясын іске асыру барысын ғылыми қамтамасыз етуге, экономиканың жай-күйін талдауға және оның келешекке дамуын болжауға, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

http://economy.kz/en/


 

AIFC AI assistant