АХҚО Жасыл қаржы орталығы 2021 жылдың қорытындысын шығарды

АХҚО Жасыл қаржы орталығы жасыл қаржы жөніндегі Консультативтік кеңесінің 4-ші отырысы аясында 2021 жылдың қорытындыларын шығарды. Профессор Александр Ван де Путт төрағалығымен өткен іс-шараға кеңестің тұрақты мүшелері қатысты (мүшелердің тізімі).

Отырыста Жасыл қаржы орталығының бас директоры А.Қазыбаев құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік қаржыландыру мәселесіне және Орталықтың әлеуметтік таксономияны дамыту саласындағы жоспарларына назардың артқанын атап өтті.

Кеңеске қатысушылар Орталықтың 2021 жылғы жетістіктері туралы ақпаратты тыңдап, Орталықты Қазақстандағы тұрақты қаржыландырудың жалпы нарығы көлемінің $250 млн.дейін ұлғаюымен құттықтады. Кеңес барысында сондай-ақ Орталықтың Белбеу мен жол бастамасының Жасыл инвестициялар қағидаттарының (Green Investment Principles for BRI) өңірлік кеңсесі ретіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) Орталықты тұрақты облигацияларды сыртқы бағалау провайдері ретінде тануын атап өтті.

Шон Кидни, Climate Bonds Initiative (CBI) бас директоры, әлемдегі жасыл қаржыландыру саласындағы оң жетістіктерді атап өтті. Атап айтқанда, жасыл облигациялар нарығы 1.7 трлн. АҚШ долларын құрады және жылдың соңына дейін нарық 3 трлн. 2022 АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде.

G20 Тұрақты қаржыландыру жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы доктор Ма Джун және Майкл Шерен, Англия банкінің Аға кеңесшісі Қытай мен Ұлыбританиядағы тұрақты қаржыландырудың даму үрдісін атап өтті. Екі нарықта да транзиттік қаржы жағына қарай жылжу байқалады.

ЕАДБ Басқарма Төрағасының орынбасары Исенов мырза хабарлағандай, 2017 жылдан бастап ЕАДБ жалпы белгіленген қуаты шамамен 500 мегаваттқа тең $540 млн астам сомаға жаңартылатын энергетика жобаларын қаржыландырды. 2020 жылы ЕАДБ басқармасы қуаты 500 МВт ЖЭК жобалары үшін $600 млн дейін қаржыландыруды көздейтін 2020-2024 жылдарға арналған Жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасын бекітті.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес төрағасы мен мүшелері инклюзивтілік пен тұрақтылық тұжырымдамаларының, сондай-ақ компанияларға заманауи бизнес-модельдерді өзгертуге қажетті капиталды ұсыну үшін әлеуметтік және транзиттік қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.

Орталық бұл бағыттағы және әлеуметтік таксономияны әзірлеу жөніндегі жұмысты 2022 жылы Ма Джун мырзаның көмегімен одан әрі жалғастыратын болады.                                            

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

 

AIFC AI assistant