АХҚО Жасыл қаржы орталығы Орталық Азиядағы GIP аймақтық кеңсесі Консультативтік кеңесінің алғашқы онлайн-отырысын өткізді

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) Орталық Азиядағы жасыл инвестициялар қағидаттары (GIP) өңірлік офисінің Консультативтік кеңесінің алғашқы онлайн-отырысын өткізді. Отырысқа өңір атынан өкілдік ететін консультативтік кеңес мүшелері, сондай-ақ Ұлыбритания мен Қытайдан келген сарапшылар қатысты.

Айта кетейік, ЖҚО 2021 жылғы маусымда Орталық Азиядағы GIP өңірлік офисіне айналды.

Кеңеске қатысушылар GIP тұралы ақпаратын тыңдап, өңір елдерінде тұрақты қаржыландыруды дамыту және GIP шеңберінде бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады. 2022-тегі аймақтық кеңсенің жұмысы хабардарлықты арттыруға, GIP жасыл жобаларының деректер базасын дамытуға, сондай-ақ нарық қатысушыларының әлеуетін арттыруға бағытталатын болады.

GIP аймақтық кеңсесінің Төрағасы Ясин Анвар: “Алдағы 30 жыл ішінде Климаттық күн тәртібін шешу үшін жыл сайын 3.5 трлн АҚШ доллары қажет болады. “Белдеу және жол” бастамасы және GIP аталған инвестицияларды тартуда негізгі рөл атқара алады”.

ЦЗФ Басқарушы директоры Айгүл Құсалиева 2020 жылдың соңына қарай Қытайдан Орталық Азия елдеріне жалпы инвестиция 40 млрд АҚШ долларына жеткенін және оның өсу әлеуеті бар екенін айтты. Өңірде тұрақты қаржыны дамыту бұл инвестицияларды “көгалдандыруға” ықпал ететін болады.

GIP туралы толығырақ бастаманың ресми интернет-ресурсынан оқуға болады https://gipbr.net.

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant