Green Technology Hub жасыл жобаларды жүзеге асырудың негізгі қатысушыларын біріктіреді
АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) еншілес компаниясы Green Technology hub (GTH) жасыл жобаларды іске асыру бойынша өзінің ұйымдастырушылық құзыреттілігін нығайтады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығының базасында “Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы” ЗТБ және “BI-Industrial” ЖШС (BI Construction and Engineering) өкілдерімен Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік жоғары технологиялық бизнесті көшіру жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыруға, жаңартылатын энергетика объектілерін салуға, жасыл технологиялық кластерлер құруға қатысты кездесу өткізілді. Кездесуге қатысушылар бірлесіп іске асыру үшін жобаларды жоспарлайтын жұмыс тобын құрды.
Бұл ынтымақтастық GTH-қа көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша жасыл және қоғамдық маңызы бар жобаларды және өнеркәсіптік компанияларды қолдау бойынша өзінің стратегиялық қызметін күшейтуге мүмкіндік береді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.