Әзірбайжан аймақтағы жасыл қаржыландыру құралдарын дамытуды қолдайды
АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) Бас директоры Айдар Қазыбаев пен Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамогланов екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында Түркияда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммиті барысында айтылған Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасын іске асыру аясында өңірдегі жасыл капитал нарығын дамыту мәселелері талқыланды.
Елші мырза осы бастамаға қолдау білдіріп, орталық делегациясының Әзербайжанға сапарын ұйымдастыруға мүдделілігін, сондай-ақ стратегиялық серіктестерді іздеуге және Әзірбайжанның мүдделі компанияларымен және банктерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен кездесулерді ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайындығын білдірді.
Тараптар сондай-ақ ЖҚО Орталық Азиядағы Жасыл инвестициялар Қағидаттары бастамасының өңірлік кеңсесі болып табылатынын ескере отырып, “Белдеу және Жол” бастамасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.