АХҚО Жасыл қаржы орталығы МАЙНЕКС Қазақстан 2022 12-ші тау-геологиялық форумына қатысты 2022
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) МАЙНЕКС Қазақстан 2022 12-ші тау-геологиялық форумына қатысты.
ЖҚО Бас директорының орынбасары Асель Нұрахметова сессияда сөз сөйледі, оның аясында тау-кен саласындағы ESG-қаржыландырудың үрдістері мен перспективалары талқыланды.
Сессия барысында А.Нұрахметова тау-кен өндіру саласындағы тұрақты қаржыландыруды дамытудың негізгі аспектілеріне, атап айтқанда, жасыл және өтпелі қаржыға, жасыл облигациялар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттер бойынша бекітілген мемлекеттік қолдау шараларына, жасыл жобалар таксономиясына, сондай-ақ декарбонизация мақсаттарын ескере отырып, юниорлық геологиялық-іздеу компаниялары үшін ESG-қаржыландыруға баса назар аударды.
Өз сөзінде А.Нұрахметова жасыл облигациялар және жасыл несиелер арқылы қаржыландырылған кейс-жобалардың, компанияның ESG-рейтингінің жалпы өсуінде, “тұрақты дамумен байланысты облигацияларды” шығару перспективаларындағы Жасыл қаржы орталығының рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, ЖҚО Бас директорының орынбасары ЖҚО-ның тұрақты даму мақсаттарына тау-кен металлургия кешені компанияларының адалдығын көрсетуге мүмкіндік беретін орнықты даму саласындағы қаржы құралдарының желісін кеңейту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ, еншілес компаниялар ұсынатын қызметтер ұсынылды: Green Technology Hub экологиялық техноаудит саласында және Еуразиялық Экологиялық Қор өнеркәсіптік оазистерді құру саласында.
А.Нұрахметова АХҚО Биржасында (AIX) ашылған тау-кен өндіру индустриясы үшін юниорлық сегменттің мүмкіндіктерін атап өтті, онда компаниялар саланың ерекшелігін және неғұрлым жұмсақ талаптарды ескере отырып, листинг өткізе алады.
МАЙНЕКС Қазақстан форумы – жыл сайынғы іс-шара, Орталық Азия өңіріндегі маңызды салалық оқиғалардың бірі, онда Қазақстанда және жақын және алыс шетелдердің 20-дан астам елінде тау-кен-геологиялық саладағы негізгі үрдістер, жобалар мен технологиялар талқыланады.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.